Шугаринг: Нені білу керек, қалай жасалуы тиіс?

Көп қыздар шугаринг деген сөздің не екенін түсінбейтінін жиі жазады. Сондықтан да пайдалы ақпар беруді жөн санап отырмыз. Қазіргі күндері түктерден құтылудың түрлі жолдары бар, олардан қарапайым жұлумен немесе лазермен күйдіріп құтылуыңызға болады. Соңғы кезде ең жиі қолданылатыны – шугаринг.

Шугаринг – денеде қажетсіз түктерден құтқаратын рәсім. Әрбір қыз мінсіз көрініске ие болғысы келеді, тегіс және жұмсақ, жағымды тері – әр әйелдің арманы. Бұл процедура дененің барлық жеріндегі түкті жоюға мүмкіндік береді. Көбінде салондағы шеберлер арнайы қант пасталарын қолданады. Тұтынушының терісі жұмсақ болуы үшін оған эфир майларын, арнайы ұнтақтарды бірге қолданады.

Шугаринг қалай жасалады?

Бұл процес алдымен тазалықтан басталуы тиіс. Түкті жұлатын аймақты антисептикалық затпен мұқият дезинфекциялау қажет. Сондай-ақ, шебердің қолы дезинфекциялануын ескеріп жүріңіздер. Сонымен қатар 10 минут алдын ванна, не ыстық моншадан шықсаңыз тері жұмсарып тұрғандықтан түк оңай алынады. Шугаринг пастасы да аздап жылы болуы тиіс. Оны түкке жаққан соң, қоюланып қатып қалады. Осы кезде арнайы қағаз салфеткалармен жұлып алады. Жағылатын паста қабаты тым қалың болмауы керек. Оны жаққан кезде де шетінен бастап, жоғарыға қарай бағыттап жағады. Егер қабілетіңіз болса, мұны үй жаңдайында да өзіңізге жасай аласыз. Бірақ алдын ала маманнан көріп алған дұрыс. Өйткені, әсіресе бикини аймағына жасалатын шугарингте теріге зақым келтіріп алуыңыз мүмкін.

Бикини аймағы үшін қант эпиляциясы – ең жақсы нұсқа. Ол нәзік мүшеңізді аздап ауыртқанына қарамастан, артықшылығы эпиляцияның басқа түрлеріне қарағанда көбірек.

Артықшылықтары:

  • Қант пастасымен жасалатын шугаринг екі аптадан бір айға дейін түктің өсуін тежейді.
  • Бір жыл бойы шугарингтің көмегіне жүгініп жүрсеңіз, денеді түктер азая бастайды.
  • Қант пастасынан аллергия туындау қауіпі аз.
Total
0
Shares
Previous Post

Гүлназ Әлімгерей: “Адамның бесіктен алған тәрбиесі қашан да қылаң беріп тұрады”

Next Post

Жастықты қалай сақтаймын: Бетіңізге табиғи жолмен күтім жасаңыз