Қолтық күтіміндегі 3 ереже

Жаз жақындап, күннің ыстығы арта бастады. Осы кезде ер мен әйелге ортақ проблеманың бірі – қолтықтың терлеуі. Көп адам бұл проблеманы шешуге тырыспайды, арнайы спрейлер мен ұнтақтарды күн сайын пайдаланып жүре береді. Негізі тырнақтарыңызға, бетіңізге қалай күтім жасасаңыз, қолтық аймағына да сондай күтім болуы керек! 

Бүгін америкалық дермотологтар ұсынған қарапайым 3 ережені айтамыз.

  1. Сезімтал теріге арналған жайлы губка мен жұмсақ тазартқышты гель пайдаланыңыз. Күн сайын қолтық астын мұқият жуу керек. Бұл терінің сау болуына, қараймауына және тітіркенулердің болмауына әсер етеді.
  2. Қолтықты салқын сумен шайып, сүлгімен жақсылап құрғату керек. Әсіресе дымқыл теріге дезодорант қолданудан аулақ болыңыз. Ол терінің бұзылуына, бөртпелердің шығуына әсер етуі мүмкін.
  3. Антиперспирантты үш қозғалыспен ғана жағыңыз: төменнен жоғарыға, содан кейін жоғарыдан төменге және тағы да сенімді болу үшін төменнен жоғарыға қарай. Әрине, мүмкін болса антиперспирант қолданбауға тырысқан жөн.

Бұл айтылғандар тым қарапайым болуы мүмкін. Десе де оны орындауға жалқаулық танытатындар да жетерлік. Келесі де бейжай қалдырмауға тырысыңыз!

Total
0
Shares
Previous Post

Қандай бейне көрдіңіз? (Психологиялық тест)

Next Post

Кофе: Пайдалы әлде зиян?