Жастықты қалай сақтаймын: Бетіңізге табиғи жолмен күтім жасаңыз - Ikerim.kz

Жастықты қалай сақтаймын: Бетіңізге табиғи жолмен күтім жасаңыз

Әр әйел үнемі жас көрінгісі келеді, ал жасы ұлғайған сайын осы арманға деген құштарлығы да арта бермек. Өкінішке орай, ең қымбат кремдердің өзі бұлшықеттердің босаңсуынан, терінің салбырауынан құтқара алмайды. Не дегенмен де кәрілік өз дегенін алады. Десе де, әдемі қартаюға болады! Ол үшін бетіңізге ботокс жасатып, жасанды «қуыршақ» болудың қажеті жоқ. Тек сапалы күтім мен физикалық жаттығулар болса болғаны.

Қазіргі кезде бетке арналған массаждар трендте. Олардың пайдасы мен нәтижесі ине салдырудан әлде қайда жақсы екенін көріп жүрген боларсыз. Сондықтан, дәл қазір ғаламтордан массаждардың видеосын қарауға кеғес береміз. Оның алдында біздің жапон массажы туралы жазбамызды оқып алыңыз.

Ал енді үй жағдайында жасалатын пайдалы күтімдерді де атай кетейік.

Пилинг – бұл алғашқы әжімдерден құтқаратын күш. Егер бетіңізде терең емес әжімдер пайда бола бастаса, пилинг прецедурасы көмектесе алады. Өз теріңіздің бетіне сәйкес келетін қоспамен пилинг жасаңыз. Бірақ одан бірден нәтиже көрмеуіңіз мүмкін, сондықтан жүйелі жасап тұрыңыз. Айтпақшы, қыс мезгілі пилинг үшін өте қолайлы.

Солкосерил мен димексидтің пайдасын көп әйелдер біледі деп ойлаймыз. Дәріханадан алынған бұл заттарды алдымен таза бет терісін суға араластырылған димексидпен сүртесіз. Сосың солкосерилді жұқа етіп жағып, бір сағатқа қалдырасыз. Кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Бұл масканың нәтижесінде бет жасарып, тері тартылады.

Крахмал қосылған маска – бет терісін жасартатын тамаша тәсіл. Ол үшін өарапайым крахмалдың бір асқасығын бес ас қасық сәбіз шырынына араластырасыз. Оған майлы қаймақ пен бірнеше тамшы қайнаған су қосасыз. Суға еріген крахмалды отқа қыздырып, қойланғаша күту керек. Артынан жылы масканы 20 минут бетіңізге жағып қоясыз. Ыстық сумен жуып, бетіңізге өзіңіздің креміңізді жағып қойыңыз.

Бұл қарапайым ғана тәсілдерді үй жаңдайында қолдана беруге болады. Бірақ оның алдында косметологқа барып, бетіңіздің терісін анықтап, қандай ем-шаралар қолдануға боларын анықтап алу артық етпейді.

 

Фото: ашық мұрағаттан

 

Total
9
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Шугаринг: Нені білу керек, қалай жасалуы тиіс?

Next Post

ТЕСТ: Ненің етін жақсы көресіз?