Сенімсіздік және одан құтылу жолдары

Сіз адаммен сөйлесіп тұрған кезде дауысынан діріл мен сенімсіздікті сезінсеңіз, оның қимылдары шашыраңқы, ойы жинақы емес болса, сіздің алдыңызда қоршаған ортадағы агрессияға қарсы тұра алмайтын, өз-өзіне сенімсіз тұлға тұр деген сөз.

Өзіне сенімсіз адамдардың бес түрлі әдетімен таныс болыңыздар:

№1 Әңгімелесіп тұрған адамды жоғары көтеріп, өзін төмен түсіру

Егер сіз үнемі достарыңызды мақтап, ал өзіңізді жамандайтын болсаңыз; сіздің ішіңіздегі белсенді өмірлік позицияға жауап беретін эгоның болмауын білдіреді. Сіз басқа адамдарға қызғана қарайсыз, бірақ оны өзіңіз байқамауыңыз мүмкін. Сіздің ішіңізде өзіңіз қол жеткізе алмаған қалауларыңыз жасырынып жатыр.

Бұндай адамдар мынадай тіркестерді жиі айтады:

«Сен жақсысың – мен жаман»

«Сенің қолыңнан бәрі келеді – мен ештеңе істей алмаймын»

«Сен әдемісің – мен ондай емеспін».

№2 Өзгелердің өтінішінен бас тарта алмау

Біреу сізге сұрақ қойып үлгерген жоқ, ал сіз келісіп үлгердіңіз. Бұл басқа адамның манипуляцияна «жоқ» деп айтуға қорқатын адамның белгісі. Сіз сөйлесіп тұрған адамды сол сәтте ренжітіп алмас үшін бәріне келісе бересіз. Бұндай кездерде сіз өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды емес, өзгенің қалауын қанағаттандыруға тырысасыз.

Біліңіз, әрқашан бірінші орынға өзіңізді қойыңыз.

№3 Үнсіз қалудан қорқу

Сіз біреумен сөйлесіп отырсыз, кенеттен әңгіме үзіліп, екі жақта үнсіз қалдыңыздар. Бұндай сәтте өзіне сенімсіз адамдар, ынғайсыздық сезініп, барынша әңгімені жалғауға тырысады. Нәтижесінде, мән-мағынасы жоқ тақырыптарды қозғап, өзін одан сайын ынғайсыз жағдайда қалдырады.

Біліңіз, кейде үндемеген де жақсы. Сөздің де орны мен уақыты болады.

№4 Жүзіңіздегі уайым

Сөйлесу барысында сіз күлмейсіз, түріңіз абыржулы, уайымдап тұрасыз. Сырттан қараған адамға сіздің қарапайым кездесуде өзіңізді тым өзгеше ұстап тұрғаныңыз білінеді. Өзіне көңілі толатын, еркін адамдар жымиып, асықпай әңгімелеседі.

№5 Зейін қойып тыңдай алмау

Адам кездесуде өзін сенімсіз сезініп, абыржыған сәтте көз жанары жан-жаққа жүгіріп кетеді. Егер сіз әңгімелесіп отырған адамның көзіне тіке қарай алмасаңыз, онымен жақын араласудан қашудың белгісі. Әңгімеден қашу, тартыншақтық, жаңа таныстықтан қашу – өзіңе сенімсіз адамдарға тән қасиет.

Түйін

Көп адамдар бойындағы туа біткен қасиет деп ойлайды. Сондықтан оны шешуге тырыспайды. Барлық проблемамен жұмыс жасау керек. Өзіңізді қолға алып, практика жасап көрсеңіз, проблемадан құтылдым дей беріңіз.

Total
27
Shares
Previous Post

Үйде жұмыс істеуге өзіңді қалай шабыттандыруға болады?

Next Post

Саяхаттаудың 5 пайдасы