Шаш өсіруге көмектесетін кеңестер

Егер сіз шашыңызды ұзын етіп өсіргіңіз келсе, материалымызды толық оқып шығыңыз. Өйткені, біз шаштың өсуін тездетін бірнеше пайдалы кеңестер топтамасын жинадық.

1. Шаштың ұзындығын өсіру процесінде сіздің басты көмекшіңіз – қайшы. Шашты өсірудің ең жақсы тәсілі оларды қимау деп ойлайтындар қатты қателеседі. Керісінше, тұрақты шаш қию оларды сау ұстауға көмектеседі, ұштанған шаштардан арылтып, өсуін тездетеді.

2. Басыңызды жуған сайын кондиционер пайдалануды ұмытпаңыз. Бояу және ыстық укладка біздің шашымызға жақсы әсер етпейді: оларды, керісінше, жұқалап тастайды. Кондиционерді салқын сумен жуу керек, ол шаштың сыртқы қабатын тегістейді, ылғалдың жоғалуын болдырмайды,осылайша сіздің шашыңызды одан әрі жылы әсерден қорғайды. Салқын су шаштың өсуіне ықпал етеді.

3. Тағы бір ереже: сусабынды пайдаланбаңыз. Оның мақсаты – шаш кірін жуу, бірақ, шамадан тыс пайдалану кезінде (тым жиі немесе тым көп) ол сау шашты сақтайтын қажетті табиғи майларын да жуып тастайды.

4. Әр апта сайын шашқа май немесе маска жағыңыз. Сіздің иығыңыздағы шаш, ең алдымен, басқасына қарағанда әлдеқайда “үлкен” болып өседі. Сондықтан, оларға күшейтілген күтім қажет.

Мысалы:
1) кокос майы + бадам майы + макадамия майы +
2) майсана майы
Аталмыш майларды шаш түбіне жағып, 10-60 минутқа қалдырыңыз, содан кейін сусабынмен шайыңыз.

5. Шашты нығайту және олардың өсуін жеделдету үшін дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау туралы да ойланыңыз. Сіздің ағзаңыз ағуыздан минералдарға дейін көптеген маңызды заттарды талап етеді. Тамақтануға назар аударыңыз! Сіз қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін ала аласыз ба немесе диетаға отыру керек пе? Бұл жаңа сау шаштың өсуіне тікелей әсер етеді.

6. Шаштың бұйра тұстарын тарақпен өте мұқият тарап тұрыңыз. Тұрақты тарау (қаттырақ тарау) шашқа физикалық зиян келтіруі мүмкін. Дымқыл шаштарды тарағанда, төменнен бастаңыз және бірте-бірте жоғарыға “жол” салып тараңыз. Шаштың түсіп, жұлынуына жол бермеңіз.

 

Total
0
Shares
Previous Post

Жаңа жылдық образдың 10 құпиясы

Next Post

Ағамның досы қорлады…