Жаңа жылдық образдың 10 құпиясы

Біз сіздер үшін жаңа жылдың образда қолдануға болатын 10 пайдалы кеңестер тізімін топтастырдық, олар еш қиындықсыз мерекелік образ жасауға көмектеседі.

  1. Әйелдерге қажетті әртүрлі заттар тізімін жасаңыз. Сізде жаңа шұлық бар ма? Көзге көрікті әшекейлер мен жаңа далап ше? Осы ұсақ-түйектерді сатып алуды кейінге қалдырмаңыз, барлық заттың дайын екеніне сенімді болыңыз.

2. Қара түс сымбатты көрсетеді, бірақ, сіздің теріңізбен түстек болса, одан бас тартқан жақсы.

3. Ең бастысы, ешқашан киім-кешектің өзіңізге үлкен немесе кіші өлшемінен сатып алмаңыз. Мұндай жағдайларда сізге ыңғайсыздық тудырып, жарасымсыз көрінеді.


4. Ең ыңғайлы көйлек – ұзындығы тізеден сәл төмен түсетіні. Етегі тым қысқа көйлек, қыздарға аса жараспайды.

5. Жаңа жылдық мерекелер кезінде көптеген кештер болады. Әртүрлі кешке көйлектерді жеке-жеке сатып алу мүмкін емес. Барлығын дерлік ашық әшекейлермен безендіру арқылы қарапайым қара көйлекті іске жаратуға болады. Тіпті оны джинсы костюмдермен киюге де болады.

6. Барлық кемшіліктерді жасыру және артықшылықтарды көрсету үшін дұрыс киіну үлгісін таңдаңыз. Мысалы, толық аяқтарды ұзын көйлектермен жабыңыз, қолдарыңыз ұзын болса, сәл мөлдір жеңдер жалғатсаңыз болады.

7. Сөмкені үйлестіре таңдау да өте маңызды. Ол көйлектер мен туфлилерге реңк беріп қана қоймай, сонымен қатар, стиль бойынша кешкі уақытта үйлесімдік тауып, қажеттінің бәрін сыйғызуға септігін тигізеді.

8 .Сізді шақырған кештің сипаты туралы міндетті түрде хабардар болыңыз. Өйткені, жейде мен джинсы киген қыздарға қарағанда сәнді бал көйлегін киюден еш қысылудың қажеті жоқ.

9. Көптеген кешкі көйлектер, әдетте, терең декольтемен жалғасады, сондықтан, көйлекке қандай төстартқыш қолайлы екенін алдын-ала ойластыру керек. Төстартқыш қақпақтары көрінбейтініне көзіңізді жеткізу үшін.

10. Егер, сіздің көйлегіңіз тастармен немесе кестемен безендірілген болса, оған ұқыпты болыңыз, аксессуарлар қосудың қажеті жоқ. Үлкен көлемді әшекейлер образдың сәнін бұзады.

Total
0
Shares
Previous Post

Жаңа жыл алдындағы диеталар

Next Post

Шаш өсіруге көмектесетін кеңестер