Ағамның досы қорлады…

Қайырлы күн! Ikerim.kz әкімшілігі! Жүрегімді жарып тұрған ащы мұңмен бөлісіп, ішімдегі шерімді сыртқа шығармасам, жан дүнем алай-дүлей өртеніп барады. Мен өзімді өмірдегі ең бақытсыз адам ретінде көремін…

Олай деуімнің себебі, 13 жыл бойы жасырып келген сырымды сіздерге ақтарғым келеді. Жасым 28-де. 15 жасымда өмірімде өшпестей із қалдырған қайғылы оқиға орын алды. “Алданып қалдым, болып қойдым, білми қалдым” деп жазатын қыздарға айтқым келетіні, нәпсінің жетегіне келіп өміп бойлық арларыңызға таңба салмаңыздар. Әттең, менде сондай мүмкіндік болған. Көбіңіз түсінбей отырған болуларыңыз керек. Басынан бастап айтайын. Әкем мен анам бір күні көрші ауылдағы ағамыздың тойына бірнеше күнге қонаққа кетіп үйде ағам екеуміз қалатын болдық. Сол күні, ата-анамыздың жоқтығын пайдаланған ағам үйге дос балдарын әкеліп, кішігірім отырыс жасай бастады. Ары-бері ащы судан масайған ағам төсекке жатқан күйі ұйқыға кетті. Ал мен болсам көрші бөлмеде сабак орындап жатқан болатынмын. Араққа сылқия тойған 2 досы көрші бөлмедегі маған келіп , сөзге тарта бастады. Жасымның нешеде екенін, қай сыныпта оқитынымды сұрай бастаған олар “емшегің бар екен ғой” деп төтесінен қойып қалғандығы төбеден жай түсірді. Көрерім бұдан көп екені, ол кезде беймәлім еді. 1 досы ұйқысыраған күйі жерге жата кетіп, өзімен-өзі әлек. Ал 2 ші досы болса маған жақындай түсіп, шашымды сипай бастады. Қорықсам да, сабақ орындап отыра бердім. Жаймен құйрығымнан шап беріп, қысып ұстап алды. “Аға, жіберіңізші” дегеніме мән берместен, ” не деген тәп-тәтті қыз едің” деп құшағына қыса кетті.

Жіберуін сұрасам да, тыңдай қоймады. Еңгезердей жуан қолдарымен қапсыра құшақтап көтерген күйі түпкі бөлмедегі диванға лақтырды да есікті тарс жапты. Жүрегім дүрсүлдеген күйі “көмектесіңдер” деп айқайлағаным сол еді, “даусың шықса жақсылық күтпе” деп шашымнан жұлқылай бастады да, ременін ағытып, ышқырын шешті. Көзім алақ-жұлақ еткен күйі не болып жатқанын түсіне алар емеспін. Денем ауырсынған күйі диванда жаттым. Ал ол ісін бітірген соң киімін киді де шығып кетті. Көзімнен аққан жас көл болғанымен шарасыз күйдемін. Ол мені мәжбүрлі түрде зорлады. Қатты қиналдым. Бұл оқиға мені қатты есейтіп жіберді. Біраз уақыт өзіме келе алмай жүрдім. Бұл болған жайтты ешкімге тіс жарып айтқан емеспін. Қорықтым. Небәрі 15 жасымда мені зорлап кетті. Ағамның досы. Енді мен кімге керекпін. Туыстарымның “неге тұрмысқа шықпайсың, жақсы жігіт бар таныстырайын” деген ұсыныстарынан да бастартуыма осы оқиға себепші. Менде ер адамға деген жылулық жоқ. Басымнан өткен жайт көз алдымнан әлі кетпейді. Мені жыныстық қатынасқа күштеп көндіргені психологиялық ауытқу әкелгенін де енді сезіп жатырмын. Ары қарайғы өмірім қалай жалғасатыны беймәлім. Жасөспірім шақтағы қыз өсіріп барша ата-аналарға айтарым : қыздарыңызды жалғыз қалдырмасаңыздар екен, олардың біреудің тарапынан зорлық көруіне жол бермеңіздерші!

 

Total
35
Shares
Previous Post

Шаш өсіруге көмектесетін кеңестер

Next Post

Ерте оянуға көмектесетін 5 қарапайым жаттығу