Кофені күнде ішсеңіз…

Мамандар арнайы зерттеу жасап, кофені күнде ішудің пайдалы және зиянды тұстарын анықтаған. Нәтижесінде сусынның көңіл күйді көтеретіні, мидың ширақ жұмыс істеуіне әсер ететіні белгілі болды. Сондықтан оны депрессия кезінде ішу пайдалы деген тұжырымға келген.

Сондай-ақ ғалымдардың басым бөлігі еш қоспасыз, қантсыз табиғи кофе ісік, онкологиялық аурулардың, диабеттің алдын алатынын айтады.

Спорттық жаттығу жасарда, залға барарда кофе ішу нәтижеңізді екі есе жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар концентрацияны көтеріп, есте сақтау қабілетін жақсартуға мол септігін тигізеді.

Дегенмен кофені жиі ішудің кері әсері де жоқ емес. Ол артериялық қан қысымын жоғарылатып, холестериннің көбеюіне әкеледі. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлары жұмысын баяулатуы мүмкін.

 

Фото: pixabay.com

Total
26
Shares
Previous Post

Арманыңдағы өмір үшін неден бас тартуға дайынсың?

Next Post

Махаббат деген…