Махаббат деген…  

Қажет жерінде қолдау білдіру, мақтау, жылы сөз айту, еркелету. Жұмыстан кеш қайтқан жарыңды күлімдеп қарсы алу, компьютермен жұмыс істеп отырғанда бір шыны шәй апарып беру… Біз осы тәрізді кішігірім бірақ зор маңызға ие әрекеттерге мән бермейміз. Білесіз бе, олар махаббатты құраушылар!

 

Махаббат – бұл…

*Өз телефоныңыздың қуаты таусылып жатса да, қуаттағыш құралыңызды оған беруіңіз;

*Оның сүйікті шоколадын табу үшін бірнеше дүкенді аралау;

*Балаларыңызға сыртынан қарап тұрып оның екеуңізге берілген ортақ сый екенін түсіну;

*Сіз үйге кеш келген күні азаматыңыз күлімсіреп қарсы алып, бірге шай ішу;

*Таныстықтарыңыздың алғашқа кезеңдерінде «Қайырлы таң!» тілеп көңілді видео, фотолар жіберуі;

*Үйленген күндеріңізді атап өтпейміз деп, артынша бір-біріңізге сыйлық сатып алу;

*Сізге көмектесіп, үйді өзі тазалауы;

*Өзі ұнатпаса да сіз ұнататын әнді тыңдау, әншіге сізбен бірге құрмет көрсетуі;

*Өзіңізді онша жақсы сезінбеген күндері «Бүгін кереметсің!» деген сөзді естуіңіз;

*Оның қолына басыңызды сүйеп ұйқтап жатқан сізді қолы ауырса да оятпауы;

*Сүйікті сериалыңыздың 4-бөлімін сізбен бірге көру үшін алдыңғы үшеуін түнімен көріп шығуы;

*Сіз күніңіздің қалай өткенін баяндап жатқанда «Сенімен мақтанамын!» деуі;

*Телефонында сіз жазған смс-терді сақтап, оларға қарап, күлімсіреп жүруі;

*Іс-сапарада жүргеніңізде «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!» секілді смс-тер алуыңыз;

*Сізге таңғы ас дайындау үшін ерте тұруы. Сіздің кофенің иісімен оянуыңыз;

Total
24
Shares
Previous Post

Кофені күнде ішсеңіз…

Next Post

Нумерологиялық болжам: “Бүгін әлеуметтік жұмыстарға көңіл бөлу керек”