Тамыз 22, 2019
Banner Top
Арманыңдағы өмір үшін неден бас тартуға дайынсың?

Өмірімде ең алғаш керемет кеңесті суретші әйелден алдым. Жасы менен біршама үлкендеу, егде тартқан әйел. Ол кісіге шығармашылығым жайлы шағымданатынмын: жұмысым бар, көршілерім де тыныштық бермейді, уақыт тапшы. Тыныш жазғым келеді, алайда уақыт үнемі жетпейді.

Ол мені тыңдап, сұрады:
– Армандаған өміріңді бастау үшін не нәрседен бас тартуға дайынсың?
Бұл сұрақты қойғанда ішім алай-дүлей күй кешті. Алғашында бұл сөзге мән бермедім, кейіннен ойлана бастадым. Расымен, армандаған өмірімді қалау үшін мен неден бас тартуға дайынмын? Жазу мен үшін өмірімде ең маңызды дүние екендігі бәріне аян.
(Жоқ, қолымнан келмейді)
– Мақсаттарың мен армандарың басқа болса, неге жазушылық өміріңдегі ең маңызды дүние деп ойлайсың?     Жарайды, сіздің үш жұмысыңыз бар делік, ал сүйікті сериалыңыз қандай?
– Клан Сопрано.
– Сопрананың өмірін бақылауға уақытыңыз жетеді, ал өз өміріңізді басқаруға уақытыңыз жетпей ме?
– Мен үндемедім.
– Жарайды, сіз мүлде оқымайтын сүйікті журналыңыз қандай?
– Үн жоқ…
– Байқайсыз ба, сіз маған уақыт мүлдем жетпейді дейсіз. Шын мәнінде сізде мүлдем уақыт жетпейді емес, бар болғаны уаықытыңызды тиімді қолдана білсеңіз болғаны. Сіздің әр жасаған іс-әрекетіңіз өміріңіздің бір бөлшегін қалағаныңыз.Егер армандарыңыздың арасында күнделікті өмірге есептеріңіз болмаса, демек армандарыңыз бос қиял.

Өз-өзіңізді алдамаңыз. Өзіңізді түсінудің жалғыз жолы – өзіңізді алдауды тоқтату. Күніне жиырма төрт сағат маған не қажет және мен үшін ең маңыздысы не деген сұрақты өзіңізге қойыңызшы. Тек осы сұраққа жауап бере отырып, тұлға болуға, уақытты және энергияны үнемдеуге болады.

Banner Content
Tags: , , , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

seventeen − 8 =