Иіссудың иісін қалай сақтаймыз?

Қымбат парфюмді сатып алып, күні бойы жұпар аңқып тұрғымыз келеді. Бірақ кейде, біздің бұл арманымыз тез сөнеді. Өйткені иіс жарнамада уәде еткендей 24 сағатқа жетпеуі мүмкін. Бұл кезде біздің ойымызға бірінші келетіні – сапасыз немесе оригинал емес.

Десе де иістің ұзаққа созылуы кейде сізге де байланысты болады. Ол үшін бірнеше кеңесті есте сақтай жүріңіз.

Иіссуды блоттермен тексермеңіз! Иә, дүкенге барған кезде оның иіссуды арнайы қағаз тіліндісіне сеуіп таңдатып жатады. Бірақ ол иісті толық сезінуге мүмкіндік бермейді. Сол үшін өзіңіздің теріңізге сеуіп тексеріңіз. Өйткені бір иістің өзі әр адамның терісінде әртүрлі сезіледі.

Иіске үйреніңіз! Иісті теріге сеуе салып, оған деген пікіріңізді қалыптастыру да дұрыс емес. Себебі алдымен оның жоғарғы ноталары ғана сезіледі. Ал нағыз дәмі бірнеше уақыттан кейін білінеді. Сол үшін теріге сепкен иіссуды бірнеше сағаттан кейін сезініп көріңіз. Одан кейін ғана таңдау жасаңыз.

Иіссу сепкен білегіңізді бір-біріне үйкемеңіз. Әдемі иісті теріге сеуіп, оны сүртіп тастаудың не қажеті бар? Олай жасау теріге де зиян екенін біле жүріңіз. Қатты ысқылау иісті өзгертіп, тез кетуіне ықпал етеді.

Киімге иіссу себудің қажеті жоқ! Иіссуды көйлекке, шарф пен қолғамқа дейін себу әдепке де сай емес. Оған қоса матаның құрамы иістің өзгеруіне әсер етеді. Бұл тағы да сіздің сүйікті иісіңіздің тез кетуіне мүмкіндік тудырады.

Иіссуды шашқа сеппейді. Егер иіссуды мойныңыз бен құлағыңызға сепсеңіз, шашыңыз онсыз да жұпар аңқиды деген сөз. Ал шаштың өзіне себу оның зақымдануына алып келеді. Сондай-ақ, иіссудың иісі тез жойылады.

иіФото: Ашық дереккөзден алынды

Total
3
Shares
Previous Post

Безеуге қарсы төрт тағам

Next Post

“Миымда жарылыс болды”: 10 жыл бала тәрбиесімен үйде отырған журналист-кәсіпкер қазіргі жетістіктерінің құпиясымен бөлісті