Ақпан 26, 2020
Banner Content
Бөлісу

Безеу – ер мен әйелдердің бірдей мазасын алатын дүние. Кімде болса, оған арналған сан түрлі тәсілді қолданып көреді. Майсыз тамақтан бас тартып қана қоймай, қымбат дәрілерді де тұтынады. Бірақ көпшілік оның пробитик өнімдерді көбірек тұтынса азаятынын біле бермейді.

Адамдардың көбі бактериалар денсаулыққа зиянды деп ойлайды. Бірақ ол бәріне қатысты емес екенін айтқымыз келеді, кейбірі керісінше пайдалы. Бүгін безеуді табиғи жолмен емдеуге көмектесетін бес өнімге тоқталамыз.

Йогурт – мұны көбі зияны көп өнімге жатқызады. Бірақ бет терісін тегістейтіні сөзсіз шындық. Сонымен қатар сүйектің мықты болуына ықпал етеді және қан қысымы жоғары адамдарға да жақсы әсері бар. Сүттен алынатын өнімнің құрамында пайдалы заттар аз емес екенін біле жүргейсіз.

Тұздалған өнімдер – маринадталған қызанақ немесе қиярды жеу – пробиотиктерді тұтынудың тамаша көзі. Маринадталған қияр, қырыққабат, қызылша, сәбіз, пияз және тағы басқа өнімдер ас қорытуды жақсартады, ал бұл теріге жағымды әсер етеді. Бірақ жоғары қысыммен жүретін адамдарға тұтынбауға кеңес береміз.

Пахта – яғни майы алынған сүттің қалдығы. Оның құрамында май мен калорийі аз, десе де ағзаға пайдалы минералдар өте көп. Кальций мен фосфордың ошағы. Оны тұтыну арқылы терінің жақсарғанын байқайсыз.

Ірімшік – пробитикке бай сүт өнімінің бірі. Қазір ірімшіктің түрі көп, бірақ оның бәрі теріге пайдалы дей алмаймыз. Сол үшін безеуге қарсы сиыр мен ешкі сүтінен жасалған ірімшік дұрыс.

 

Фото: Ашық дереккөзден алынды


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

five × 5 =

kkKazakh
kkKazakh