Желтоқсан 7, 2019
Banner Content
Бөлісу

Университет қабырғасы. Грантка іліне алмасам да, ақылы бөлімнің студентімін. Қаламасам да «қазақ тілі мен әдебиет» пәні мұғалімі мамандығына түстім. Өзім өнер мен шығармашылықтың, сахна мен телеарнаның айналасында белсенділікпен жүріп қалғандықтан «мектеп мұғалімі» деген ұғым жат еді. Бал жеткені осы. 1 курстың 1 семестрінде «өнер» факультетіне ауысып кеттім. Жаңа группа, жаңа орта, жаңа факультет. Қыздар группасынан ұлдар группасына ауысып, ортаға сіңіп кету қиындау болды. Сабаққа келмейтін, қашып-пысып зорға сөмкесін арқалаған группаластарыма ізденпаздығыммен аса ұнай қоймадым. Ақшамен шешу, мехнацияның ұрып тұрған отаны осы жерде екен. Есімде, ағайымның бір студенттің сабаққа келмей жүргенін айтқан сәтте : «мәссаған, сабаққа келмейтін де студент бар ма?» деп таңданғаным. Аңқау басым қыздармен жарысып оқығаннан кейін бе әлде рейтинг үшін таласқан ізденпаздардың ортасында жүргендіктен бе, сабаққа келмеу дегенді алғаш естуім болды. Біліміме сеніп, пара ұсынбай қалып жүргендіктен, кейбір ұстаздардың да қалтасын қалыңдата қоймадым. Былайша айтқанда, көпке жақпау осыдан басталды. Десе де, 2 курс оқып жүріп алғашқы семестрді үздік аяқтап, грантқа әрекет жасадым. Қанша жерден жоғары бал көрсетсем де, сол сәтте белгілі себептермен грантқа іліге алмадым. Маған ауыр тиді. Сабаққа ден қоюдан қыдыруым көбейгендей. Бұйырмаған нәрсеге қол сілтесем де, ішімде » бір күні дәлелдеймін, бәрібір» деген қағида қалып кетті. Уақыт өте болмашыға сынбай, аяққа тұруды көздедім. Университет системасы бойынша » академиялық мобильность» деген бағдарлама бар. Келесі кезек шетелге немесе Қазақстанның өзге қаласына бір семестр оқуға мүмкіндік алуды көздедім. Басқа қалаға барып бағым жанар деген үміт легі. Күз айының басынан документ туралай бастадым. Межелі уақыт келіп соңғы документім бітуге таяғанда, тағы бір кедергі аяқтан шалды. Факультет бастығының қарсылығы. Бір күн алдын «қызым, жақсы барып оқып кел» деп арқамнан қағып жол сілтеп жіберген кісінің ертесі күні маңызды құжатқа қол қоймай жіберуін түсініксіз жайтқа баладым. Ашық әңгімеге келе түсінгенім, ағайымыздың танысы. мен бармақ болған университетке оқысы келгендігі. 2 адамға ғана орын бар. Маған бастартуымды талап еткенмен, қарсылық танытып бой бере қоймадым. Ақыры, қармағындағы қызметкерлері тесттен құлатып әбігерге салды. Қайта тест тапсыруға бұйрық келіп,жақсы нәтиже көрсеттім. Кезекті мақсатыма жету жолында кедергілер болса да, жеңіп шығып, Алматы қаласының белді университетіне аяқ тіредім. Жаңа қала, жаңа менталитет, өмірімді жаңадан бастадым. Маған берілген уақыт 6 ай. Тиімді пайдалана алуым керек. Құдай қарасқандай, өз ортама тез үйренісіп кеттім. Алғашқы күннен оқытушылар да жақсы қарсы алды. Кастингтерге барып, киноға түсу мүмкіндігі де бағыма бұйырыпты. Күнделікті уақытым, таңертеңгі сабақпен, түстен кейінгі съемкаға жалғасатын. Кешке кезекті бассейнге келемін. Достарым да қаланың ғажайыптарын көрсетумен әлек. 6 ай уақытым 6 жылдық бақытты сыйлағандай.Өмірімде түрлі тосын сыйлар орын алып, әр күнім сәнге айналды. «Бақытқа қиындықпен жетесің, шыдай білсең» деген сөз расымен келгендей. Көзді ашып-жұмғанша 1 семестрді тәмамдадым. Қимастықпен, өз қалама, «таныс-тамыры» жайлаған мекенге келуге тура келді. Университет.. Қабағынан қар атқылаған деканымыз. Өте суық, дөрекі қарсы алды. Айқайға басып, мені оқуға қабылдамайтынын айтып, кабинетінен шығарып жіберді. Араға адам сала отырып, оқуға қабылдандым. Тамылжыған тамаша жаз айы осылай сәтсіздік аралас күлкімен өтті. Күз ауа қайта оқу орнына жиналдық. Мені жақтырта бермейтін кафедра мұғалімдері көңілді қарсы алды. Себеп, жастар күнінде аудан әкімінің мадақтамасын алғаным болуы керек деп ойладым. Бас салып оқытушылар жапа тармағай сүйе бастады. «Рахмет, рахмет» деп қоямын, түсінген сыңай танытып. Келесі кабинетке кірсем де сол құттықтаулар. Ішімнен ойлап қоямын, кішкене мадақтама осынша мәртебе әкелді ме деп. Қателесіппін. «Енді степендия аласың ғой, қанша алады екенсің?» деген сауал ойымды бұзды. Мен грант иегері болыппын. Өзге қаладағы 5тік көрсеткішімді жоғары жақтағы басшылар бағалап автоматты түрде ауыстырыпты. Өзім де таңдандым. Шыны сол.. Бір ұққаным, мақсат қойдың ба кедергілерге қарайлама, қиындыққа бой ұсынбай тек өз жолыңнан адаспау екен. Бұл маған өмірлік тәжірибе болды…


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

one × five =

kkKazakh
kkKazakh