Сәтсіз күнге не себеп?

Таңды қалай атырсаң, күнің солай өтеді деп жатамыз. Күніңіздің табысты өтуіне тек өзіңіз ғана жауаптысыз. Десе де сізді кері тартатын әдеттерді жасамауға тырысыңыз. Ол қандай әдеттер?

Білгіңіз келсе, әріқарай оқып шығыңыз!

Көңілсіз ойлардан аулақ болыңыз!

Әрине, күн сайын күліп ояну, жақсы оймен тұру мүмкін емес. Десе де көңіл-күйіңізді түсіретін ойларға жол бермеңіз. Таң атпай сүйіктіңізбен болған келіспеушілікті, несие қарызыңызды, жұмыстағы қиындықты ойласаңыз шабытты қайдан аласыз?

Жоспарыңызды бұзбаңыз!

Күнделікті жұмыс жоспарынан шықпаған дұрыс. Өйткені үйренген дене оны автоматты түрде орындайды. Әрі «Неден бастаймын?» деген сұраққа энергия жоғалтпайсыз. Бірақ бұл жылдың барлық күнін бірдей өткізіңіз деген сөз емес. Мүмкіндігінше демалыс пен еркіндікті де алып тұрыңыз.

Жұмысқа кешікпеңіз!

Әрбір басшылық қызметкерлерін бақылауда ұстағанды ұнатады. Сондықтан сіздің кеш келген күндеріңізді міндетті түрде біліп отырады. Жиі кешігетін қызметкерге берілетін баға да төмен. Әрі ыңғайсыздық сізге де көңілсіздік сыйлайды.

Желідегі белсенділікті төмендетіңіз!

Таң атпай желідегі жаңалықтарды оқып, барлық хабарламаларға жауап беру міндетті емес. Ол сіздің энергияңызды алады.

 

Біз ұсынатын кеңестер осындай! Ал, сіз таңды қалай атырасыз?

Total
12
Shares
Previous Post

Қысқы киімдерді қалай тазарту керек?

Next Post

ТЕСТ: Суретке қарап өзіңізді таныңыз!