Ақпан 26, 2020
Banner Content
Бөлісу

Адамдардың көбі үшін таңда жұмсақ, жайлы төсекті «тастап кету» азап секілді. Осы бір «азапты» азайту үшін жеңіл жаттығулар жасауға кеңес береміз.


Алдымен тыныс алуды жөндеу керек

Денеңізді ояту үшін кереуеттен күрт тұрып кетуге болмайды. Бұл қажетсіз стресске алып келіп, миыңызға зиян келтіреді. Көзіңізді ашпаңыз, алдымен, ішпен, содан кейін кеудеге терең тыныс алыңыз. Бірнеше секундтан кейін бүкіл ауаны толығымен шығарыңыз, іш тегіс болуы керек. Жаттығуды үш рет қайталаңыз.

Омыртқаны созыңыз

Алдымен, денеңізді жаттығу жасауға дайындаңыз. Содан кейін, қолдың көмегімен аяқты тізеден бүгіңіз. Аяқтарыныңызды өзгертіп, қайталаңыз. Бұл жаттығуды да үш рет қайталаңыз.

Мостикке тұру

Бұл жаттығуды орындау үшін денені сәл көтеріп, қолды бүйіріне қысу керек. Аяқтарыңызды созып, тізеңізді артқа бүгіп, төсекке табаныңызды қойыңыз. Жамбасыңызды тартып, жоғары көтеріліңіз және бірнеше секундқа мостикке тұрыңыз, содан кейін, денені төсек-орынға бірқалыпты түсіріңіз. Жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бірақ, тыныш және көлемді дем алуды ұмытпаңыз.

Мысық сияқты тұру

Екі қолыңызды жерге қойып, тізеңізбен мысық секілді тұрыңыз. Аяқтарыңыз бен қолдарыңызға салмақты біркелкі бөліңіз. Мұндай қалыпта тұрып, белді қозғалтып, ішпен диванға тартыңыз, бұл нәрсені шынтақты бүгпей жасау керек. Содан кейін, мысық сияқты оң жаққа қарай жылжыңыз. Бір қалыптан екіншісіне ауысыңыз. Жаттығуды бес рет қайталаңыз.


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

5 × 3 =

kkKazakh
kkKazakh