Жүктілікке қалай дұрыс дайындалу керек?

Біз, қыздар, көбіне қандай қателік жібереміз? Өзімізді ойлауды ұмытамыз. Күнделікті өмірде біз жұмысты, жақындарымызды, тамақты, балаларды ойлаймыз, осылайша әйел денсаулығы мәселесін кейінге қалдырамыз. Кейін жыныс мүшеңізде ауру пайда болмас үшін алдын алған жөн.

Не үшін гинекологқа көріну керек?

Міндетті тексерістен бөлек гинеколог-дәрігер көптеген мәселелерде көмектесе алады:

  • Бала көтеруге дұрыс дайындалу;
  • Жасырын инфекцияларды анықтайды, цистит, сүт безін емдейді;
  • Гармондық бұзылуларды реттейді;
  • Климакс, босанудан кейінгі ауыртпалықтардың алдын алады немесе емдейді.

Бала көтеруге организмді алдын-ала дайындауды көптеген қыз-келіншектер міндетті деп санамайды. Бірақ бұған көз жұма қарауға болмайды. Ең бастысы – әйел денсаулығына жауапкершілікпен қарау.

Жүктілік кезеңге қалай дұрыс дайындалу керек?

  • Әрекет ету жоспары:
  • Гинекологқа тексерілу – сезілмейтін вирустар мен инфекциялардың көзін жою, иммунитетті көтеру үшін ем-шара жасау, иммунитетті қажетті деңгейге көтеру маңызды;
  • Терапевт, тіс дәрігеріне қаралу;
  • Болашақ ұрықта проблемалар болмас үшін баланың әкесін урологқа тексерту;
  • Құрамында йод көп витаминдерді қабылдау;
  • Болашақ ата-аналардың жаман әдеттерден бас тартуы;
  • Өмір сүру стиліңізді өзгертіңіз: ұзақ уақыт компьютер алдында отыратын жұмыстардан бас тартыңыз.

Total
4
Shares
Previous Post

Қыс мезгілінде шашқа қандай күтім жасау керек?

Next Post

Қарлығаштың қанатындай: Қасы ең әдемі әлем жұлдыздары