Қыс мезгілінде шашқа қандай күтім жасау керек? - Ikerim.kz

Қыс мезгілінде шашқа қандай күтім жасау керек?

Көптеген әйелдер қыс мезгілінде шаштың ұсқынсыз, әлсіз болып көрінуін көктем шыға өзгереді деп ойлайды. Алайда, шаш жылдың қай мезгілінде де әдемі болып көрінуі тиіс.

Қыста шаш көп түседі, электрленеді немесе қатты ұйқасады. Бұған ауа райының әсері болатыны сөзсіз, бірақ шаштың әбіржуінің алдын алуға болады. Ол үшін қарапайым кеңестердерді естен шығармаған жөн.

Міндетті түрде қалпақ киіңіз

Көптеген әйелдер бойжеткен шақтарынан бастап қалпақ киюді доғарады. Әрине, қыстың күні бас киім сәніңізге сын келтіреді, шаш үлгіңізді құртады. Дегенмен, ғалымдардың зерттеуі бойынша қыста жалаңбас жүру шаштың түсуіне әкеп соқтырады.

Тұрақты қоректендіру

Қыста шашымыз қосымша күтімді талап етеді. Сондықтан күн суытқаннан бастап бальзам, спрей немесе шашқа арналған май сатып алып қойыңыз. Мамандардың айтуынша, шашты жуған сайын арнайы маска жасап, бетіңізге күтім жасағандай қарау керек.

Жұмсарту

Ауа райы салқындаған сайын үй ішіндегі температураны барынша көтеруді ұнататынымыз сөзсіз. Алайда, бөлмедегі тым ыстық әрі құрған температура шашқа керісінше әсер етеді. Сондықтан бөлмедегі ауаны жұмсартқыш аппарат қосыңыз немесе бөлмедегі ауаны жиі тазартып, салқындатып отырыңыз.

Total
8
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Махаббаттың 5 кезеңі

Next Post

Жүктілікке қалай дұрыс дайындалу керек?