Қарлығаштың қанатындай: Қасы ең әдемі әлем жұлдыздары - Ikerim.kz

Қарлығаштың қанатындай: Қасы ең әдемі әлем жұлдыздары

Бұрын қасты жіңішке қылып жұлу сәнді көрінсе, қазір барлық қас әрлеушілер қас қалың қастарды құп көреді. Қалың, табиғи сәл ұқыпсыз қастар қазіргі қыздардың арманы. Олай болса, тарихтағы табиғи әрі ерекше қас иелеріне шолу жасаймыз.

Элизабет Тейлор

Өткен ғасырдың 50-жылдары Элизабет Тейлор жуан әрі қара қастарды сәнге айналдырды. Дәл осы қалың қасты ару телеэкранды баурап алды. Голливуд жұлдызының қасы бүгінде миллиондаған қыздың арманына айналды.

Одри Хепберн

Одри Хепберн – тарихтағы ең танымал қастың иесі. Орташа қалыңдық, табиғи форма әрқашанда сәнде болары сөзсіз.

Брук Шилдс

1980-жылдардың секс-символы, модель, актриса Брук жұлынбаған әрі ұқыпсыз көренетін қастарымен көпшіліктің жүрегіне жол таба алды.

Кара Дельвинь

Кара Дельвиньнің қастарының танымалдылығы сонша, олардың жеке Twitter парақшасы бар. Жанкүйерлердің көбісі актрисасы осы ерекше қалың қара қастары арқылы таниды.

Марго Робби

Марго Робби – нағыз блондинка, бірақ қасын қою қоңыр түске бояудан еш қорықпайды. Шаш пен қастың айырмашылыға қарамастан оның бейнесі әдемі көрінеді.

Кира Найтли

Кира Найтлидің қастары қас шеберінің жүзін де көрмегені анық. Актрисаның қастары барынша табиғи көрінеді. Ең бастысы ешқандай татуаж мен микроблейдинг жасалмаған.

Лили Коллинз

«Эмили Парижде» сериалының жұлдызы аты аңызға айналған Одри Хепбернге ұқсайды. Лили қасын жұлмайды, жай ғана үстінен бояп қойғанды ұнатады.

Эмма Уотсон

Қалың, формасы келіскен Эмманың қастары кішкентай кезінен бастап актриса ретінде басты ерекшеліктерінің бірі болып саналады.

Total
1
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Жүктілікке қалай дұрыс дайындалу керек?

Next Post

Іштегі майдан арылудың жолдары