Қысқы киімдерді қалай тазарту керек?

Түбітті күртешелер (Пуховые куртки)

Қашан жуу керек: Бір маусымда екі рет.

Нұсқаулық: Күртешелерді жиі жууға болмайды, өйткені машинада жуу оның жиырылуына әсер етеді. Күртешені суық суда кір жууға арналған гелмен жуған дұрыс. Ал кір жуатын ұнтақтар онда дақтар қалдыруы мүмкін.

Флис материалдан тігілген киімдер

Қашан жуу керек: 6-7 рет киілген соң

Нұсқаулық: Флис материалдарға ерекше күтім керек. Оның мамық, түсі бұзылмай тұруын қаласаңыз, тек өзін ғана жуыңыз. Себебі оны сүлгі, не басқа материалдармен қосып жусаңыз басқа материалдардың қоқыстарын өзіне алып алуға «шебер». Үйде де қыл-қыбыр жинайтынын байқап жүрген боларсыз?

Бас киімдер мен шарфтар, қолқаптар

Қашан жуу керек: маусымына 3-5 рет.

Нұсқаулық: Бізге керекті аксессуарлардың көпшілігі жүннен жасалған, бірақ оны қалай сақтауды көбіміз ескермей жатамыз. Кір машинасына салып, өкініп қалған кездер көп болған шығар? Негізі дәл осы қолғап, бас киім деген заттар микробты ең көп жинайтын заттар. Сондықтан мүмкіндігінше жиі жуыңыз, бірақ қолмен жуған дұрыс.

Шұлықтар

Қашан жуу керек: Бір рет киілген соң.

Нұсқаулар: Бұл заттарды да қолмен жуған жөн. Дегенмен арнайы сөмкеге салып кір машинасына жа жууға болады.

Былғары күртешелер мен пиджактар

Қашан жуу керек: Маусымында бір рет қана жууға болады.

Нұсқаулық: Негізі былғары киімдерді үйде жууға болмайды, арнайы тазалау орталықтарына бергеніңіз жөн. Бірақ дақтартан өзіңіз де арылтып отыра аласыз. Мысалы, арнайы щеткалармен шаң мен дақтарды сүртіп отырсаңыз, киіміңізді ұзақ уақыт кие аласыз.

Total
0
Shares
Previous Post

“Миымда жарылыс болды”: 10 жыл бала тәрбиесімен үйде отырған журналист-кәсіпкер қазіргі жетістіктерінің құпиясымен бөлісті

Next Post

Сәтсіз күнге не себеп?