Қаңтар 16, 2021
Banner Content
Бөлісу

Біздің оқырмандарымызға тағы да бір қызықты тестті ұсынамыз. Ол үшін алдымен, суретке мұқият қараңыз.

Қозғалысты байқадыңыз ба? Байқасаңыз фигура қалай қарай қозғалып тұр?

Анықтасаңыз, енді төменнен жауаптарын оқыңыз.

Арлы-берлі жылжып тұр: Бұл – өміріңіздегі үйлесімділіктің, жайлылықтың белгісі. Көңіл күйіңіз қалыпты, өмірге оң көзбен қарайсыз, ойыңыз да позитивті. Осы қалпыңыздан таймаңыз!

Қозғалыссыз тұр:Бұл – сіздің өміріңіздегі тоқыраудың белгісі деуге болады. Алға талпынбай, бір орында тұрып қалғаныңызды айғақтайды. Демек өміріңізге жаңалық енгізуге тырысқаныңыз жөн.

Солға қарай қозғалып барады: Сіз өз күш-қайратыңызға сенімдісіз, қуатыңыз да тасып тұр. Алдыңызға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыз өте көп. Батыл қадам жасап, оларды іске асыруға асығыңыз дер едік.

Оңға қарай қозғалып барады: Дәл қазір сіз қандай да бір уайым, үреймен жүрген сияқтысыз?!  Әлдебір ой мазалап, бойыңызды сенімсіздік билеген. Қорқынышпен күресіп, алға ұмтылғаныңыз дұрыс.

Жоғары қарай қозғалып барады: Өміріңізде қандай да бір өзгеріс жасауға ұмтылатыныңыздың көрінісі. Сәттілік тілейміз!

Төмен қарай қозғалып барады: Бұл – шаршаудың, енжарлықтың, жалқаулықтың белгісі. Күш-қуатыңыздан айырылып, дел-сал күйде жүргендейсіз бе? Уақыт өлтірмей, өзіңізді қолға алыңыз!

Тест жауаптарымен келісесіз бе?

 

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

1 × four =

kkKazakh
kkKazakh