Қыз бен жігіт айырылысқаннан кейін өзін қалай ұстауы керек?

Психотерапевт Адриан Имждің қыз бен жігіттің айырылысқаннан кейін өзін қалай ұстау керектігі жайлы кеңестерден топтама.

  •  Өмір сүр

Айтылатын кеңестердің ішіндегі сіз күтпеген кеңес екенін түсінемін. Бірақ іс жүзінде жаңа нәрсені бастау, жақсылық жасау, мансапқа жету, мысық асырау, бұл барлық ұсыныстар – сізді алаңдатуға мүмкіндік береді. Мұны факт ретінде қарастырайық: айырылысып кетіңіз делік, ал сізге жақсы да, жаман да, қорқыныш немесе керемет сезімде болуыңыз мүмкін. Бірақ сіз әлі өмір сүріп жатырсыз. Өмір сүре беріңіз.

«Бұл – мен, бұл менің бетім, денем, жұмысым, балаларым, мысықтарым, иттерім. Біреу қалдырып кеткені үшін немесе өмірімде бір нәрсе аяқталды,-деп бұл өмірден жоғалып кетмеймін. Менде әлі де бармын . Мен өмір сүріп жатырмын», деген ұстаныммен өмір сүріңіз. Сезімталдықты жоғалтпаңыз – қиындықпен де кездесіңіз.

  • Өзіңіздің «ақымақтықтығыңызды» қабылдаңыз

Сізге көптеген кеңестер беруі де мүмкін,мысалы: оған қоңырау шалма немесе қоңырау шал, оған өз сезіміңді білдір немесе ештеңке айтушы болма, кездесулер ұйымдастыр, жаңа көйлек сатып ал, шаш үлгіңді өзгерт. Қисынсыз әрекет етіп, сіздің ойлауыңыз дұрыс емес болуыда мүмкін. Айырылысу кезінде сол сәттің әсерінен тез, асығыс шешімдер қабылданады. Қабылдаңыз. Өзіңізге кінә артпаңыз.

  • Егер сіз өзіңізді жаман сезінсеңіз де- қорықпаңыз

Ия, сіз өзіңізді жаман сезініп тұрсыз, басқа шындық жоқ. Сіз жылайсыз, қиналасыз. Сүйікті адамыңыщ сізге маңызды, әрі жақсы адам болса, бұл айтылған күйіңізді түсінуге болады. Жүз теңгеңді жоғалтсаң – қынжыласың, ал жаныңның бір бөлшегі болған кісімен айырылысқанда басыңды бір сілкіп алып әрі қарай жүру өте ыңғайсыз болар еді. Бұл сізде бір құнды нәрсе болғанын білдіреді. Сіз, әрине, мұнда жылап, «қазір жоқ …» деп айта аласыз. Жылапта алыңыз. Уақыт өте келе бұл факт маңызды бола бастайды. Сіз оны неғұрлым тезірек түсіне бастасаңыз, соғұрлым жақсы болады.

  • Cеніңіз

Мүмкін жаңа махаббатыңызды кездестірмесеңіз де, тек жақсы нәрсе үшін: қызықты жерге саяхат, университетке түсу, жұмысты ауыстыру, сүйікті серияңыздың жаңа маусымы – жалпы, сізге қуаныш әкелетін нәрсе үшін. Өзіңіздің сүйікті іс-әрекеттеріңізді қалпына келтіруге тырысыңыз немесе өзіңізді жаңа, бірақ тұрақты кесте құрыңыз. Болашаққа үміт пен сенім қалпына келу негіздерінің бірі.

  • Көмек пен қолдауды сұраудан қорықпаңыз

Психолог- сөйлесіп қайту жақсы, бірақ досыңыз, құрбыңыз, әріптестеріңіз, сыныптастарыңыз, ата-аналарыңыз, ерекше сезімтал сәтте қолыңызды ұстай алатын адам болса жақсы. Кейде сіз өзіңіздің оқиғаңыздан жалыққандай көрінетін шығарсыз, ал біреуден көмек сұрау ыңғайсыз болғанымен, маңызды екенін естен шығарма.

Дереккөз

Total
0
Shares
Previous Post

Мерекелік кештерді безендіруші – Айгерім

Next Post

Күнді қалай тиімді өткізуге болады?