Күнді қалай тиімді өткізуге болады?

Таңның атысымен жұмыстардың бастан асып жатқанын есіңе түсіргенде, қолға алып бастағың келмейтін сәттер болады. Енді өміріңді өзгертетіп, күніңнің сәтті өтуіне уақыт келді. Бұл жазылған кеңестердің барлығы уақытыңды, энергия мен назарыңды дұрыс басқаруға көмектеседі, әрі соның арқасында барлық жұмыстарға үлгере бастайсыз.

Уақыт

Қалай уақыт табуға болады:

1. Аса маңызы жоқ шаруаларға аз уақыттан көңіл бөліңіз. Белгілі бір аз уақытты бөлгеніңізді еске түсіріп, қысқа уақытта бітіріп тастауға тырысасыз.

2. Теледидар көруді қойыңыз. Орташа есеппен есептегенде біз 13,6 жылымызды теледидар көруге құртады екен. Ал бұл жылдарды маңызды істерге де құртуға болатын едік.

3. Уақытыңыздың қалай өтіп жатқанын, қайда құртылып жатқанның бәрін жазып отырыңыз. Солай сіз өзіңіздің босқа өтіп жатқан уақытыңызды көріп, баға бере аласыз. Сол кезде “Қайда жұмсаған дұрыс еді?”,- деген сұраққа жауап іздейсіз.

4. Сіздің уақытыңызды, энергия мен назарыңызды тартып ала отырып, сізге пайда бермейтін істерден бас тартыңыз.

5. Идеал болуға тырысуды қойыңыз. “Тоқта”,- деп айту керек кездерін біліп жүріңіз.

6. «Технический» күн арнап алыңыз. Үйдің барлық істерін осы күнге қойыңыз. Мысалы, кір жуу, үй жинау, керек заттарды сатып алуға арналған күн секілді. Қалған апта күндері бұндай істерге назар аудармаңыз

7. Хабарламаларды қысқа әрі нұсқа жазуды үйреніңіз. Осылай да сіз өзіңіздің уақытыңызды үнемдей аласыз.
Уақытты қалай тиімді жұмсау керек

8. Компьютер алдында қалай уақыт өткізіп жатқаныңызда RescueTime бағдарламасымен бақылауға болады. Фондық режиммен жұмыс жасайды. Қандай сайтта, қанша уақыт жұмсағаныңызды көрсетіп отырады.

Уақытты қалай дұрыс жұмсауға болады

9. Өзіңіздің ең маңызды міндеттеріңіздің тізімін жасаңыз, соның ішіндегі бір күнде үш істі бітіре алатын жұмысыңызды белгілеңіз. Бұл сіздің уақытыңыздың 80-90% -ы сол мәселелерге арналуы керек дегенді білдіреді.

13.Егер сізге қарсылық тудыратындай жұмысыңыз болса, яғни жасауға қиналсаңыз тапсырманың уақытын қысқартуға тырысыңыз. Бұл әдіс жаңа әдеттерді біртіндеп қосуға көмектеседі. Мысалы, 15 минут медитация жасау қиын болса, 10 немесе кемінде 5 минут бөліп көріңіз. Уақыт өте келе сіз үйреніп, 15 минутқа дайын тұратын боласыз.

14. Күніне кем дегенде бір маңызды іс атқаруға тырысыңыз. Ол сіздің мақсатыңызға бір қадам болса да жақындата түседі.

15. Екі минут ереже бойынша өмір сүріңіз. Егер тапсырманы орындауға екі минуттан аз уақыт кетсе, оны шешіп, істер тізіміне енгізбеңіз, бірақ оны дереу орындаңыз.

16. Бос уақытыңызды жоспарлаңыз. Ол нақты құрылыған кезде, біз одан көбірек рахат аламыз.

17. Уақытыңызды қалай өткізетіндігіңізді біліп алыңыз. Мысалы, әр сағат сайын телефоныңыздан еске түсіретін бағдарламаны қойыңыз.

18. Кейде жұмыстан толықтай бас тартыңы.

19. Жоспар қоюды үйреніңіз. Жоспарлаудың әр минутына жұмысты орындау кезінде бес минут үнемделеді.

20. Есіңізде болсын, адамдар «менде бұған уақыт жоқ» десе, жұмысының олар үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

21. Маңызды хат немесе хабарлама жібермес бұрын күте тұрыңыз. Өзіңіздің ойларыңызды жинауға біраз уақыт беріңіз, сонда сіздің жауабыңыз мағыналы болады.

Осы пунктерді ұстана отыра  бір күніңізді өткізсеңіз  тиімді өткізе аласыз. Тексеріп көріңіз!

 

Фото: pixabay.сom

Total
18
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Қыз бен жігіт айырылысқаннан кейін өзін қалай ұстауы керек?

Next Post

Гүлзат Көбек: «Кино арқылы әйел мәртебесін арттыра аламыз»