Құралай Ханымның қызы анасы туралы жазбасымен жұртты жылатты

Қазақ әйелдеріне жақсы таныс Құралай ханым көпшіліктің алғысын алып жүргені рас. Оның жиырма жылдық еңбегі, психология саласындағы ізденісі өзінің және өзге де әйелдердің өмірінінің өзгеруіне септегін тигізуде. Оның үлкен қызы Камиланың желіде анасы туралы жазған жазбасы желі оқырмандарының көзіне жас алуына себеп болды. 

Камила Талғатқызы: “Ананың қолдауы! 
Универге түсу, тіл білу әр адамның өз қолында бірақ “Әрбір мықты еркектің артында әйел тұрады” дегенедей “Әрбір баланың жетістігінде ананың үлесі бар”. ⠀

Мен Қошмамбет ауылында туылып сонда өскен қызбын. Қазақ мектепте оқыдым. Анам маған сол кезден бастап ағылшын оқы, кітап оқы дейтін. Бірақ айтып қана қоймай өзі де бір кітаппен жүретін. Барлық психология кітаптарын, дұғаларды жаттайтын. Күнде жатарда анам қасыма келіп, “ал енді армандаймыз” деп отырып алатын. Екеуміз барлық ойымызға келген кереметтерді армандап отыратынбыз. Сол кезде шет елге шығу деген арман жоқ болатын, өйткені ол кезде армандарымның шыңы үйде интернет болу, менде машина және күшті телефон. Сол армандарымыздың бәрі орындалды. Сонда түсінгенім қазір де бір нәрсе бізге арманымыздың шыңы болып көрінсе, ол тек қазіргі уақытта солай, кейін ол сіздің күнделікті өміріңіз болып кетуі мүмкін. Армандарымыз шексіз болуы керек. Сол кезде мен Назарбаев Университетке түсемін деп жүргенде маған анам ғана сенетін және 100% қолдайтын. Мен экзамен тапсырғанда менімен келіп ыстықта отырып, 3 сағат бойы дұға оқып отыратын.
⠀ ⠀
Кейбіріңіз дұғаның қасиетіне сенбесеңіз де, ананың күшіне және ананың ниетінен шыққан әр сөзіне, әр дұғасына сенерсіз. Менің анам содан бері әр универге тісерімде, әр қиындығымда солай маған дұға оқып отыратын. Анам әр оқыған психология кітаптарынан барлық техниканы жасап отыратын. Елдер айтатын “Сол семинарға, кітапқа ақша құртқанша тамақ алсаң болады ғой.” дейтін. Сол жерде дүкеннен қарызға ақша алып отырсақ та “Мен баймын. Мен бармын” деп қоймайтын анам. Үйдің бәрі аффирмация жазылған қағаздарда, арман картасы, айнаның бәрі “Мен әдемімін” деген сөздерде.

Қазір анам 1.1млн подписчигі бар блог, семинарлар, дүкен және бизнесі бар жұлдыз. Соның бәрі өзінің күшіне сеніп және ауылдағыларды тындамай өзін өсіруінің арқасы. Анамның 2 қызы екі елде, Америке және Европа-да грантта оқып жүр. Ол оқуына бір тиын ақша анам төлемейді. Бұның бәрі анамның еңбегінің арқасы. Қазір соны ауылдағы отырған келіндерге бөлісіп жүр.
⠀ ⠀
Бақытты боламыз десеңіз өзіңізден бастаңыз. Таза ой, таза іс!”

Бұл жазбаны оқыған желі тұтынушылары Құралай Ханымның өздеріне әсер еткен сөздері мен жақсылықтарын жарыса жазуда. Сонымен қатар атақты блогерге жақсылық пен ұзақ өмір тілеуде.

Total
1
Shares
Previous Post

«Тәһәжжуд намазын оқып, егіз таптым»: Шымкенттік келіншекпен эксклюзивті сұқбат

Next Post

Айнұр Бұлақбай: “Өткенге оралғысы келіп тұратын халықпыз”