Қызды тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің…

Қазақ бала тәрбиесін үш-ақ ауыз сөзбен «Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады» деп жөнге қойған. Өйткені санада «ұрпағым сүйекке таңба салмауы керек!» деген түсінік бар. Осы орайда, біздің жұрт әсіресе қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар аударып, ыждахаттылықпен қарайды. Себебі әйелді тәрбиелеу-бүтін бір ұлтты тәрбиелеу. 

Бағзы заманнан-ақ ата-бабамыз ұзын етекті жандарды қадірлеп, олардың арына кір келтірмеуге тырысқан. Біздің осы ойымызды тұңғыш елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ”, – деген сөзімен сөзімен толықтырсақ болғандай.

Әлі күнге дейін бұл үрдіс өз жалғасын тауып та келеді, осы негізде елімізде қыздар мен олардың тәрбиесіне арналған түрлі жобалар мен көптеген бастамалар жүзеге асырылуда. Мысалы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасының аясында да қыз бен ұлт тәрбиесіне қатысты бірнеше жұмыстар іске асты. Өйткені әр қыздың тәрбиесінде салт пен дәстүрден бөлек, қазіргі заман тенденциясының да ұшқыны болуы шарт. Бір тұсынан алғанда, рухани жаңғыру дегеніміз – халқымыздың ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрін мен тәлім-тәрбиесін, құндылығы мен рухани байлығын қайта жаңғыртып, дәріптеу деген сөз. Осы негізде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бірқатар жұмыстарды іске асырды. Атап айтқанда, қазақ қызының ибалығын және арын сақтаумен қатар, олардың қоғамдағы рөлі мен беделін көтеру үшін атсалысып келеді.

Қазіргі таңда университетімізді тәмамдаған қыз балалар отбасының тыныштығымен бірге, елдің экономикасын тұрақтандыру, оның дүние жүзіндегі имиджін қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әр салада қызмет етіп жүр. Бұл да болса біздің университет пен ондағы еңбек ететін ұстаздардың еңбегінің бір көрінісі. Біз дамыған елдердің қатарына кіреміз деген ниетімізді ұлт болашақтарын тәрбиелеуіміз керек деп білемін. Ал ол үшін жоғарыда айтқанымдай қыз тәрбиесінен бастаймыз. Бұл тұрғыда бәріміз ат салысып, жақсы нәтижелі жұмыстарды біріге атқаруымыз керек.

Автор: Айнаш Есекеева,

әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті 

Заң факультеті, аға оқытушысы

Total
0
Shares
Previous Post

Адам бойындағы энергетикалардың алмасуы

Next Post

Nunc libero etiam enim