Banner Content
Бөлісу

Қазіргі таңда түнгі 3-4те ұйықтау көпшілікке тансық болмай қалған. Себебі барлық жұмысымызды бітіріп, төсекке құлай сала телефонды қолға аламыз. Ол «шіркін» сізді бір-екі сағатсыз тағы жібермейді. Сәйкесінше таңда ұйқыны аша алмаймыз. Осы жағдайда кеш оянсаңызда, жұмыстан кешікпеудің амалдарын біле жүріңіз.

Душ қабылдау: Қазір қыста жылы төсектен шыққың келмейтіні ақиқат. Осы сәтте ыстық душқа кіріңіз, бойыңыз жылығасын салғын сумен сергіңіз. Бар болғаны екі минутта сергек болып, тісіңізді де тазалап үлгере аласыз ғой?!

Шашты сәндеу: Таңертең шашыңызды жусаңыз, ол сізді әдемі көрсетеді және артық сәндеуді қажет етпейді. Жуып, кептірсеңіз табиғи болмысымен-ақ көз тартады.

Кофе мен Макияж: Барлық қыздар кофенің орнына макияжды таңдап кетері сөзсіз. Сол үшін душка кірер алдында шәйнектің астын жағыды ұмытпаңыз. Иісі мұрын жаратын, ыстық кофенің өзі ерте труға мотифация емес пе? Бірақ бетіңіз бен кірпігіңізді бояуды да ұмытпаңыз. Өйткені бетіңіздің жарқырауы сізді сергек екеніңізден хабар береді. Шашы дұрыс түйілмеген, көзінде «қаспағы» бар ерінде далабы жоқ қызды ешбір бастық ұнатпас?!

Классика: Ерте тұрса да «Не киемін?» деген сұрақпен уақытын сарп ететіндер көп. Ең үздік үлгі классика. ОЛ сізді ешқашан ұятқа қалдырмайды. Осы себептен де бірінші кезекте ақ жейде мен қара белдемше көзіңізге түсетін елгіште тұрсын

Фото: Ашық дереккөзден


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

16 − eleven =

kkKazakh
kkKazakh