Еркекті ез ететін қандай әйел?

Қоғамда ештеңеге мұқтаж емес әйелдер көбейіп келеді. Расында оларға ештеңенің де қажетті жоқ. Олар жоғарғы қызметті, ерекшелікті, басқаларды басынғанды жақсы көреді.

Ондай әйелдер қарым-қатынас құрған кезде:
– Маған ешкімнің көмегі керек емес, мен онсыз да қауіпсізбін;

– Жұмысым басымнан асып жатыр;

– Үйге ерте келсем “тамақ істеу керек” деген сөз емес;

– Мен бірін өзім жасаймын;

– Балалар балабақшаға, не оқу орнына өзі үшін баруы керек;

– Мен ешкімге тәуелді емеспін;

– Мені автобуста кездестіре алмайсыз;

– Маған сыйлық берудің қажеті жоқ;

– Менде сауық іздеп, сайран құрар уақыт жоқ т.б осылар тізбектеліп кете береді.

Бұл сөздер сізге де таныс па?! Онда тілімді жалғай түссек:

– Маған арналған гүл қайда?

– Қымбат қонақ үйде тұрғанша, үй сатып алған жақсы.

– Менде бәрі бар;

– Маған не істеу керегін айтудың қажеті жоқ;

– Мен өзімді жақсы білемін!

– Сіздің пікіріңіз мені қызықтырмайды;

– Ата-анаңыз үшін аянбаңыз.

Өзіңізді таныған болсаңыз онда. Бұл сіз үшін! Егер әйел ештеңені қажет етпесе, онда еркек әйел үшін ештеңе жасамайды.

Ештеңеге мұқтаж емес адамдар өз көзімен өзін-өзі қамтамасыз ететін, тәуелсіз, ақылды әйел ретінде көрінгісі келеді. Шындығында, бәрі керісінше. Ондай жағдайда еркектер сізге қолдау көрсетіп, сізге деген сезімі мен жауапкершілігін жасырып, сізді қорғай алмайтын болып келеді. Сіз ең алдымен өзіңізді ер адамнан төмен санаңыз, ер адамға сенім білдіріп, ол жаннан қолдау күтіңіз. Өзіңізді жоғары санағаннан жалғыздықтан басқа табарыңыз жоқ.

Автор: Назерке Бимахан

Фото: www.intex-press.by

Total
36
Shares
Previous Post

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартатын жалғыз жол

Next Post

Нумеролог болжамы: 5 тамыз – махаббат өзімнен басталады!