Тамыз 22, 2019
Banner Top
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартатын жалғыз жол

Үйленген соң уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы өзгереді. Дегенмен оны қалыпқа келтіруге болады. Психологтардың сөзінше, ол – қиын дүние емес!

Бэйлор университетінің ғалымдары қарым-қатынасты жақсартудың, ерлі-зайыптыларды жақындатудың жолын зерттеген. Олар экспериментке 25 пен 40 жас аралығындағы тұрғындарды қатыстырған. Қатысушыларға бірнеше сағат бірге үстел ойындарын ойнау, сурет салу, әңгіме айтып, уақытты бірге өткізу тапсырылған. Бұдан соң психологиялық тест тапсырады.

Сөйтіп ғалымдар таңқаларлық нәтижеге қол жеткізеді. Эксперимент уақытында жұптардың қарым-қатынасы жақсы жағына қарай өзгерген. Жұбайлар даулы мәселелерді шешуге, бір-бірін түсініп, жақындасуға тырысқан. Ортақ тақырыпта әңгіме өрбітіп, ортадағы байланыстары жақсара түскен.

Нәтижесінде психологтар кез келген ортақ атқарған іс қарым-қатынасты реттеуші басты күш деген ойға келген.

Banner Content
Tags: , , , , , ,

0 Comments

Leave a Comment

14 + fourteen =