Теріңнің қартаюына себепкер болма!

Терінің қартаюы-ешкім тежей алмайтын табиғи құбылыс. Бірақ кейде қыздардың өзі оның тезірек қартаюына әсер етіп жатады екен. Косметолог мамандар теріні қартайтатын күн сайынғы әдеттерді айтып берді.

Күйзеліс-терінің ерте қартаюының бірінші себебі. Әрине қазіргі таңда жүйкені жұқартатын жайттар өте көп, бірақ сабырлы болуға тырысыңыз. Дәрігерлер Магний В6 дәруменін қабылдауды, жеміс пен көкөністерді жиі тұтынуды, сонымен қатар йогамен айналысуға кеңес береді.

Майлы тамақ – терінің жас болуына жауап беретін ақуыздың бұзылуына алып келеді. Тым майлы тамақтан бас тартуға тырысыңыз.

Күн-терінің ең қауіпті жауларының бірі. Үнемі күнге қарсы жақпамайларды жағып жүріңіз. Күннің астында жүріп келгеннен кейін міндетті түрде нәрлендіретін маскалар жасаңыз.

Ұйқының қалыпсыздығы-егер сен 7 сағаттан кем ұйықтасаң жас тері туралы ұмыта берсең болады. Терінің қалыпқа келетін уақыты ұйқының кезі екен. Өзің түнгі cағат 23:00 -де ұйықтауға дағдылан.

Total
14
Shares
Previous Post

Қыздар, төсіңіз кішкентай болса…

Next Post

НУМЕРОЛОГ: “8 ТАМЫЗ – балаша армандайтын күн”