Қыз сымбатын айшықтайтын оның төсі екені рас. Ал егер ол кішкентай болса не істеу керек?
Дұрыс киім таңдау керек!
Төсіңіздің кішкентай екенін жасырғыңыз келсе, біз ұсынатын алты кеңесті жадыңызға сақтап алыңыз.
1. Көкірегіңіз кіші болса мамандар сауық кештеріне киіміңіздің мойыны V-образды болғаны дұрыс дейді. Көйлек, жейде, комбинезон, топ… қайсысы болмасын мойыныңызға акцент беріп, V-образды келсін.
2. Көйлек пен жейденің вертикаль өрнектермен болуы да төсіңіздің дәл өлшемін жасыруға көмектеседі.
3. Ал дәл төсіңіздің тұсын айшықтап тұратын белдіктері мен әшекейлері бар киімдерден бас тартыңыз.
4. Киіміңіздің қатпарлы болуы да сіздің мүсініңізді мінсіз етуге көмектеседі. Тек мұндай көйлектермен беліңізге белбеу тағыңыз. Беліңізге ерекше назар болғанда, қатпарлы киім төсіңіздің үлкен етіп көрсетеді.
5. Тағы бір амалы киімнің көкірек тұсына көлемді өрнек немесе әшекей істету.
6. Ең оңай жолы ақ түсті киім киіңіз. Ақ қашанда өлшемді үлкейтіп көрсетеді.