“Напалеон” тортын дайындаудың оңай әдісі

Сіздермен бүгін өте дәмді, көптеген торт фанаттарының сұранысына ие – “Напалеон” тортын жасауды үйренеміз. Ол үшін құрамын мұқият оқып шығыңыз және дайындалуына баса мән беріңіз.

Құрамы:

Сары май – 300гр

жұмыртқа – 2 дана

су – 150 мл

сірке суы – 1 ас қасық

тұз

ұн

Кремі:

Сары май -300-350 гр

Тәтті қант (Сгущенка) – 1 банка

Напалеон тортының дайындалуы:

Жұмыртқаларды араластырып, тұз себеміз. Суық суға сірке суын қосып, жұмыртқаға қосамыз. Енді, сары май мен ұнды қосып қамыр илейміз. Қамырды 10 немесе 12 бөлікке бөліп тоңазтқышқа жарты сағатқа қоямыз. Жарты сағат өткен соң қамырымызды алып, жаямыз. Барлық қамырымызды дөңгелектеп жайып, пешке пісіреміз .

Крем дайындау тәсілі: Сары май мен сгушенканы миксерге салып жақсылап араластырамыз.

Дайын болған корждарымызды алып арасына кремді жағамыз. Бір екі коржымызды үгітіп, тортымыздың жан-жағына айналдыра және үстіне себеміз. Напалеон тортымызды тоңазтқышқа 2-3 сағатқа қоямыз. Дастарханға қоярда бетін өз қалауыңызша жемістермен және шоколадтармен сәндеп қоюыңызға болады.

Ал, шәй ішуге “Напалеон” торты дайын!

Total
0
Shares
Previous Post

“Өзімді өзгерткім келеді”: Психолог не дейді?

Next Post

ТОП-5: Сәннен шықпайтын киім