Ақылды болғың келсе, 10 әдетті қайтала!

Ақылды болу керемет, әрине! Бірақ оған бірден қол жеткізу мүмкін емес. Кейбір адамдар туа бітті дарынды болса, енді біреулері интелектті дамытып отыратын әдеттер арқылы ми жұмысын жетілдіріп отырады. Олай болса, ақылды адамдар әдетке айналдырған әрекеттерді қайталау арқылы нәтижеге қол жеткізіңіз.

  1. Сұрақ қойыңыз!

Сізге айтылған нәрсемен бірден келісе салмаңыз: сұрақ қойыңыз, анықтаңыз, толықтыруды талап етіңіз және ізденіңіз. Қазір кез келген сұрақтың интернеттен табу өте оңай, бұл мүмкіндікті өз пайдаңызға жаратыңыз.

  1. Көбірек оқыңыз!

Оқуды әдетке айналдырыңыз. Әрине, әлеуметтік желідегі блоктарды емес, кітап, журнал оқуға бет бұрыңыз. Күніне оқуға арнайы уақыт бөліңіз, көп ұзамай интеллектіңіздің қалай қарқынды дами бастағанына өзіңіз куә боласыз.

  1. Сізге не мотивация беретінін табыңыз!

Миыңызға өзіне ұнаған бағытта дамуға мүмкіндік беріңіз. Сізге жағымды форматты табыңыз, бәлкім мотивациялық видео көрген немесе аудио подкаст тыңдағанды қалайтын шығарсыз. Сіздің тұлғалық дамуыңыз жүрегіңіз ауған бақытта болуы тиіс.

  1. Ақылды адамдармен араласыңыз!

Араласатын ортаңыз аса ақылды болуы міндетті емес, бастысы – сізге қызықты тақырыптарда әңгімелесуге дайын болса болғаны. Интеллектуалды адамдар миды дамытып қана қоймай, оны жетілдіру форматын да түрлендіріп тұруы керек.

  1. Асықпай ойлануға тырысыңыз!

Біз жаңа қабылдаған ақпаратты миымызда толық қорытып болмай, жаңа нәрсеге жүгіреміз. Алған біліміңізді асықпай ой зерегінен өткізуді әдетке айналдырыңыз, бұл да – ақылды болу жолындағы маңызды қадам.

  1. Миды ғана емес, денеңізді де жаттықтырыңыз!

Ми мен дене тығыз байланыста жұмыс істейді, сондықтан дұрыс тамақтану мен күнделікті жаттығу жасап отыруды ұмытпаңыз. Мидың сапасы – дененің серпінділігіне, физикалық қалыпқа тікелей байланысты.

  1. Күніңіз жемісті болу үшін алдын-ала жоспар құрыңыз!

Физикалық белсенділік пайдалы әдеттерді тез игеруге көмектеседі. Үздіксіз жұмыс істеу мен нәтижеге жұмыс істеу – екеуі екі бөлек нәрсе. Ақылды адамдар бүгін істеуге болатын нәрсені келесі күнге қалдырмайды. Сіз армандаған ғажайып болашақ, сіздің бүгінгі әрекетіңізге тікелей байланысты.

  1. Күнделік толтырыңыз!

Ақылдырақ болудың тағы бір жолы  – жеке тәжірибен өту. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, мидың жұмысын жетілдірудің жолы – қайталау. Күн сайын кешке күндіз істеген істеріңіз бен айтқан сөздеріңіз туралы ойлану – барлық жағынан жақсы нәтижеге жеткізеді.

  1. Бұрын жасауға қорыққан нәрсені жүзеге асырыңыз!

Қорқынышыңызды жеңу арқылы сіз мықты, батыл әрі өмір сынақтарына қарсы тұруға дайын боласыз. Кейде ең үлкен жетістіктер кезінде бастауға қорыққан әрекеттердің нәтижесі болады. Бұрын батылыңыз жетпеген іске барсаңыз, өзіңізге деген сеніміз артып, мақтан тұтатын боласыз.

  1. Үйренгеніңізді үйретіңіз

Алған біліміңізбен бөлісу процестің жылдамырақ орындалуына әсер етеді. Сондықтан, жаңадан үйренгендеріңізбен жалықпай бөлісіңіз.

Автор: Жұлдызай Омархан

Total
21
Shares
Previous Post

«Шаршап кеттім…»: Энергия таусылуының себептері

Next Post

Махаббаттың 5 кезеңі