Қараша 29, 2021
Banner Content
Бөлісу

Маусымдар ауысуы, жалпы қыстың басы жиі шаршау, ештеңе істеуге зауқыңның болмауы және депрессия немесе әлеуметтік өмірден алшақтауға әкеп соғады. Алайда, бұның себебін мінезіңізден іздеп, өзіңізді жазғырмаңыз. Себебі, адам мұндай күйге витамин немесе басқа да маңызды элементтердің жетіспегеннен түсуі мүмкін.

  1. Қан аздық (анемия)

Ағзаға темірдің жетіспеушілігі әлсіздікке, анемияға әкеп соқтыруы мүмкін. Темір ағзада маңызды рөл атқарады, мәселен терінің оттегі алмасуын реттейді. Оттегінсіз сіздің ешқандай ағза мүшеңіз дұрыс жұмыс істемейді.

Белгілері:

– Әлсіздік, тіпті таңертең төсектен тұруға да күш жоқ болуы;

– Ұйқышылдық, қанша ұйықтасаңыз да тағы да көз іліндіріп алғыңыз келіп тұрады;

– Апатия, көңіл-күйіңіздің болмауы.

Бұндай келеңсіздіктерді организм құрамында қанты бар тағамдар арқылы қалыпқа келтіруге тырысады. Мәселен, көңіл-күйі жоқ адам тәттіге құмартып тұрады. Өйткені, тәтті тағамдардың құрамында көмірсу көп болады. Алайда, оның берген энергиясы көпке жетпейді.

  1. Қалқанша безінің проблемалары

Анемияға шалдыққан адамда қалқанша безінің ауруы пайда болуы мүмкін. Бұл көбінесе зат алмасу жұмысының нашарлауына, энергияның таусылып, тез шаршап қала беруге әсер етеді.

  1. D дәруменінің жетіспеушілігі

D витамині ағзадағы 2500-ден астам биохимиялық процестерге қатысады. Жалпы бұл дәрумен ағзаны жүйелеуші, нағыз керекті дәрумен десек болады. Егер дәл осы витаминнің жетіспеушілігін байқасаңыз, өздігіңізден емделместен бұрын, дәрігермен ақылдасқаныңыз дұрыс.

 

Автор: Жұлдызай Омархан


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

kkKazakh