Көз алдымда көз жұмды…

Оқу жылы аяқталып, көптен күткен Рамазан айы келген кез еді. Ол менің екінші мәрте ұстағалы жатқан оразам болатын. Рамазан айы келіп қуанып жүрміз, бірақ, қуаныш ұзаққа созылмады…

Оған себеп – көз ашқалы табанымды жерге тигізбей, бірде бір ауыр сөз айтпай “АқТояшым” деп еркелелетіп өсірген әжем төсек тартып жатып қалуы. Бастапқыда мән бере қоймадық, себебі көктемде де қатты ауырып кейін аяққа тұрып кеткен, бұл шақта да солай болар деп сендік. Сонымен күндер өтіп жатыр, бір күні сәресін ішетін уақытта әкем, анам, мен, бауырларым тамақ басына жайғастық. Сол уақытта әже де ас бөлмеге кіріп бізбен бірге сәресін ішті (бұл әженің бізбен ішкен соңғы асы еді) әңгіме соғып, күліп отырып аузымызды бекіттік ( сол күндегі әжемнің жүзі әлі көз алдымда )

Сол күнен кейін әже мүлдем, төсектен тұрмады, үйімізге дәрігерлер мен қоса кіріп шығатын адамдар да көбейіп кетті.

Рамазан айының 10-шы күні, жұма болатын (жаны жәнната болсын )әкемнің  даусынан ояндым “Көке, Мама нашарлап бара жатыр, бізге келіңдер ” деп біреулерге хабарлап жатыр екен. Ұйқымды қимай жатқан мен бірден ояндым.
Бір кезде абыр-сабыр басталды, үйде аяқ басатын жер жоқ, кісі лық толы бір уақытта молда келіп “Ясин” сүресін оқи бастады  ол кезде залда әкемнің жеңгелеріне көмектесіп жүрген едім. Үлкен жеңгем ине алып кел деді, ине әже екеуміздің бөлмемізде еді. Бөлменің алдына келіп сәл кідіріп әжеме қарап тұрдым, молда: қиың болып жатыр, аздан кейін қайтадан оқитынын айтып жатты, бірақ мен табалдырықты атаған бойда әжем соңғы демін алып, бізді тастап кетті. Әкеммен ағам әжемді құшақтап жылағанда не істерімді білмей бөлмеден тез шығып кеттім… Оған деген сезімімді, қимастығымды ешкімге көрсеткім келмегендей жұрт көзінен оқшаулана бердім.

… Осылайша әжем көз алдымда көз жұмды, бұл маған өте ауыр тиді, Себебі үйде тек әжеме ғана әңгіме айтып, әжеге ғана еркелейтін маған “әжесіз өмір” бос көрінді дегенмен одан бері 5 жыл да өте шығыпты-ау. Әйткенмен 14 жыл бойы әжемді құшақтап ұйықтаған маған оның жоқтығы әлі білінеді… Сірә, ол сағыныш басылмайды…

Орамалды қыз – Ақкүн

Total
4
Shares
Previous Post

Орамалды қыз, шектелме!

Next Post

Психологиялық ТЕСТ: Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз?