Психологиялық ТЕСТ: Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз? - Ikerim.kz

Психологиялық ТЕСТ: Суреттен ең бірінші нені байқадыңыз?

Жанарымыз жалпы картинаны көргенімен, санамыз нақты детальға басымдық береді. Ол біздің дәл қазір қандай күй кешіп, қандай сезімде жүргенімізді білдіреді. Ендеше суретке қараңыз да алғашқы көзіңіз шалған нәрсеге мән беріңіз, сипаттаманы оқыңыз.

Ескерту: сіздің жағдайыңызбен тура бірдей келмесе, налудың қажеті жоқ. Бұл бар болғаны психологиялық тест.

 

Пантера

Егер ең бірінші пантераны байқасаңыз, сіздің депрессияңыздың асты себебі – жеке өмір, қарым-қатынас. Сүйікті адамыңызды жоғалып алардай күй кешесіз. Тіпті, кейде бұл қатынастарыңыздың қайда апарарын да білмей дал боласыз. Сабыр етіңіз. Екеуіңіздің махаббат дастандарыңыздың бастапқы кезеңдерін еске алыңыз. Сондай-ақ серігіңізбен ашық сөйлесіңіз. Барлық түйткіл шешіледі.

Арыстандар

Сіз өзгелер алдындағы міндетіңізді жоғары қойып алғансыз. Өзіңізді ұмытып, басқаларға қомқорлық танытып жүрсіз. Жақындарыңыз бен достарыңыз сіздің күшіңіз көп, қолыңыздан бәрі келеді деп есептейді. Ал сіз «қасық қаныңыз қалғанша» бәрін тындыруға асықсыз. Тоқтаңыз! Анда-анда эгоист болудың да пайдасы бар!

Зебра

Өзіңіздің не отбасыңыздағы іреудің денсаулығына деген алаңдаушылық. Бұл әрине, жақсы. Салауатты өмір салтын ұстануға үйретеді. Дегенмен тым уайымшыл боламын деп, кері әсерін тигізіп алудан сақтаныңыз. Бақылауда ұстай алмайтын, өзгерте алмайтын дүниелерді кейде ойлаудың пайдасы шамалы. Сондықтан қазіргі сәтіңізден ләззат алыңыз.

Жирафтар

Басты проблемаңыз – жұмыс және қаржылық жағдай. Өкінішке қарай, бұл – қазір жиі кездесетін жайт. Дегенмен техология мен ғылымның дамыған кезеңінде қол қусырып отыру – жөнсіз. Білмейтініңді үйренуге, іске асыруға кедергі жоқ. Керісінше, мүмкіндік көп. Сондықтан өз қызығуышылығыңызды жүзеге асыру арқылы қазіргі проблемаңызды шеше аласыз.

Көк құс

Соңғы кездері жалғыздық жаныңызға батып жүр. Бүгінгі қоғамда көбіне электронды түрде хат алмасып, фото, бейне арқылы хал сұрасып, смайлик арқылы көңіл-күйімізді жеткіземіз. Осының салдарынан бетпе-бет келгенде тілдесудің ретін таппай жатамыз. Өзіңізді жалғыз сезінуіңізге мұның да әсері болуы мүмкін.

Құстар

Сырыңызды, сезімдеріңізді айтып, біреумен сырласқыңыз келеді. Бірақ қорқақтайсыз. Олай жасамаңыз. Себебі сізді бірнәрсе алаңдатса, демек ол маңызды. Достарыңызға, туыстарыңызға сенім артыңыз. Оларға ішкі дүниеңізді ашпасаңыз, сізге көмек, қолдау керегін қайдан білсін? Сондықтан қысылмаңыз. Есіңізде болын, бұл – әлсіздік емес!

 

Суреттен бірінші байқаған дүниеңіз бен сипаттамалар сәйкес келді ме? Пікірге бөлісе отырыңыз!

 

Total
29
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Көз алдымда көз жұмды…

Next Post

ЖІГІТТЕРДІ ӨСІМДІККЕ ТЕҢЕУГЕ БОЛА МА?