ТЕСТ: Ненің етін жақсы көресіз?

«Ет дегенде бет бар ма?» дейтін қазақтар үшін қызықты тест ұсынып отырмыз. Еттің қай түрын жақсы көретіңізге қарап, сіздің қандай жан екеніңізді анықтап көрелік…

 

Сиыр еті

Сіз нағыз ет құмар адамсыз. Тіпті етсіз тамақты елестетуіңіз қиын сияқты? Сол секілді сіз интеллектуалды да «аш» адамсыз. Етке тоймайтыныңыз секілді, білімге де тоймайсыз.

Үйрек еті

Етті талғаммен жейтін жансыз. Жеміс шырына малынған үйрек секілді, «дәміңіз» тіл үйіреді. Бірақ өте кекшіл адамсыз!

Қой еті

Жаңа сойылған қой етінің қуырдағы мен ыстық тандыр нан… Ой, қандай керемет, иә?! Балдай ғой! Бірақ артық салмақ қосып беретінін білесіз, десе де еттен өзіңізді тежемейсіз. Мінезіңіз қой сияқты момақан дей алмаймыз, бірақ өз орныңызды білетін жансыз.

Жылқы еті

Сүрленген жылы етінен тәттісі жоқ. Ал, сіз үшін алға қойған мақсаттан артығы жоқ! Өте талапшыл адамсыз. Соған қарамастан, арасында еркеліңіз де жоқ емес.

 

Сіз ненің етін жақсы көретін едіңіз? Жауаптары сәйкес келді ме?

Total
44
Shares
Previous Post

Жастықты қалай сақтаймын: Бетіңізге табиғи жолмен күтім жасаңыз

Next Post

Мөлдір Болатқызы, психолог: “Балаға қол көтеру неге алып келерін біліп жүріңіз!”