Тәмсіл: Жан тыныштығын табудың жолы

Баяғыда бір кісі қаланың у-шуынан шаршап, жанына тыныштық сыйлайтын жер іздепті. Қала сыртындағы орманға барыпты.⠀Тып-тыныш. Ауаны кере демалып отыра бергенде, шегірткенің шырылын, құстардың құйқылжыта ән салғанын, жапырақтың сыбдырын естиді. Бұл дыбыстар адамның ашуына тиеді. Бірнеше күн іздеп жүріп, үңгірді табады. Ішіне кіріп демалады. Сол сәтте судың тамшысын естиді.⠀
Тырс-тырс-тырс-тырс…⠀
Тамшының дыбысы адамға ұнамайды. Қайтерін білмей тұрғанда, ойына үй салып, сонда жалғыз тұру керек деген идея келеді. Жарты жыл үй соғып, ішіне кіріп тыныштықты таптым-ау деп ойлайды. Бір кезде құлағына сағаттың тықылдаған дыбысы келеді. Ашуы келгені сонша, қолындағы сағатты жерге алып ұрады.⠀Бітті. Тып-тыныш.⠀“Рақат-ай” деп, кеудесін кере демалғанда, оң жақ тұсынан жүрек соғысын естиді.⠀“Дүк-дүк-дүк-дүк” тоқтаусыз соққан жүрек дүрсілі.⠀


⠀⠀
Мораль: жан тыныштығы айналадағы болып жатқан жағдайға байланысты емес. Мәселе де, шешім де – адамның ішінде. Осыны білген сәтте өзіңізді, өміріңізді, жан-жағыңызды жазғыруды қоясыз.⠀
Ешкімді кінәламай, жазғырмай, өзіңізбен риясыз, еш себепсіз, еш есепсіз жақсы көретін адаммен өмір сүру – бақыт екенін түсінесіз.⠀
⠀⠀
Өмірге келудің өзі – БАҚЫТ! ⠀

Аударған: Айнұр Бұлақбай

Total
27
Shares
Previous Post

Құралай Ханым: “Нақты нәтижелерді айтқанды жақсы көремін”

Next Post

Қыздарға кеңес: Жыныс мүшеңіз қарайса…