Суды дұрыс ішеміз: қашан, қанша және не үшін?

Дәрігер, диетолог, фитнес-тренер – барлығы су ішуге кеңес береді. Арық болу үшін де, таза тері үшін де суды көр мөлшерде ішу керек. Біз суды қалай және қашан, қандай мөлшерде ішсе тиімді болатынын анықтадық.

Қызықты дерек

Адам ағзасында су азайып, құрғаған кезде ми жұмысы да тежеле бастайды. Сөзіңізді ұмытып немес жиі қателесіп, жаңа ақпаратты қабылдауыңыз қиындайды. Осыдан-ақ, судың ағзаңыз үшін пайдасын біле беріңіз.

Қанша су ішуіміз керек?

Европа қауіпсіз тамақтану ұйымы әйел адамдарға күніне 1,5  литр су, ал ер адамдарға 2 литр су ішуді ұсынады. Ал мектеп жасындағы балалар бір литрден көп су ішу керек. Ағзаның көп бөлігі судан тұрады, сондай-ақ, су дененің әрбір бөлігіне еніп, денсаулықты жақсартады.

Газдалған әлде газдалмаған?

Газдалған су да теріні жұмсартады. Алайда, оның құрамында сүйектегі калцийді кетіріп тастайтын, көп ауруға себеп болатын фосфор қышқылы болады. Кейбір диетологтар, тәтті газдалған сусындарды тамақтану рационынан мүлде алып тастауды ұсынды.

Салқын әлде ыстық?

Судың температурасы аса маңызды рөл ойнамайды. Дегенмен, Ұлыбритания ғалымдары мәліметінше, мұздай су – шөлді тез қандырады. Сонда да айта кетейік, мұздай су әйелдердің бойынша мигрен және бас ауруына себеп болады.

Шай әлде кофе?

Ғалымдар шай мен кофенің мөлшерін барынша азайтуды ұсынады. Себебі құрамында кофейн бар бір стакан кофе ағзадағы су мөлшерін бір стаканға азайтады. Ең бастысы: су мөлшерін азайтып алмау. Организмде су мөлшері тұрақты болған кезде, өзіңізді жеңіл әрі жақсы сезіне аласыз. 

Total
58
Shares
Previous Post

Саяхаттаудың 5 пайдасы

Next Post

Ынғайсыз сұрақтарға қалай жауап беру керек?