Саяхаттаудың 5 пайдасы - Ikerim.kz

Саяхаттаудың 5 пайдасы

«Адамдар не үшін саяхаттайды?», -деген сұраққа көбіміз «қыдыру үшін», «күнделікті тіршіліктен демалу үшін», «жинаған ақшаны құрту үшін», – деп жауап береміз. Алайда, саяхаттаудың одан да басқа пайдасы мол.

Танымыңды кеңейтеді.

Саяхат қоршаған ортаны, табиғатты жақсырақ тануға, зерттеуге мүмкіндік береді. Әлемнің сұлулығын байқауды үйретеді. Басқа ұлттардың салт-дәстүрлері мен мәдениетімен танысасыз. Жергілікті тұрғындар саяхатшыларды жылы құшақпен қарсы алады, әңгімелесуге, тарихтан сыр шертуге әрқашан құмар. Ең бастысы өзіңе керектіні ала білген жөн.

Ақшаны дұрыс жұмсауды үйретеді.

Көбінің басында ақшаң көп болмаса, саяхаттай алмайсың деген түсінік қалыптасқан. Алайда, туристердің барлығына бес жұлдызды қонақ үйде жатып, қымбат мейрамханадан тамақтану міндетті емес. Шағын жолдорбаңызды алып, жаяу, қаланың қарапайым халқы орналасқан ауданынан бастасаңыз да болады. Жергілікті тұрғындардың шынайы тіршілігін көру үшін қаланы жаяу аралаған, базарға барған дұрыс.

Саяхаттауға деген көзқарасты өзгертеді.

Әртүрлі елге саяхаттау арқылы өзге елде болудың аса қатты қауіпті емес екенін түсінесің. Өзіңде кез-келген жерде жайлы әрі бақытты сезінуге болады. Жай ғана тиісті ережелерді ескеріп, жаңа елдің заңын бұзбауға тырысу керек. Саяхаттау арқылы сақтыққа үйрене аласыз.

Комфорт зонасынан шығасыз!

Кез келген саяхат алдында «адасып кетсем қайтемін?», «Жергілікті тұрғындармен қалай сөйлесемін?», – деген сұрақтар мазалауы мүмкін. Барлық қорқыныш мен уайымды үйде қалдырыңыз. Тек жақсы тәжірибе мен көңілді демалыс туралы ойлаңыз. Сізді артқа тартатын үрейлердің кесірінен әлемнің кереметін өз көзіңізбен көре алмауыңыз мүмкін. Барлық нәрсеге дайын, жаңа таныстыққа ашық болыңыз.

Шыдамды бола түсесіз!

Жасыратыны жоқ, саяхаттау адамды төзімді әрі мықты етеді. Саяхаттауды ұната бастаған сайын өзгерісті қаларыңыз сөзсіз. Былтыр теңіз жағасында демалған болсаңыз, биыл достарыңызбен бір рюкзакқа аса қажетті зарттарды алып таулы өңірге бараңыз. Тіпті жабайы табиғатқа шығып көріңіз. Бұның барлығы физикалық және моральдық тұрғыдан шыңдай түседі.

Total
43
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Previous Post

Сенімсіздік және одан құтылу жолдары

Next Post

Суды дұрыс ішеміз: қашан, қанша және не үшін?