“Адамдар мені бағаламайды”: Себеп өзіңде!

Бәрінің көңілінен шыққыңыз келеді. Сізді ренжіткен жанды тез кешіресіз. Сіз  үшін өзгеге жан-дүниеңізді беру өте маңызды, сонда ғана  өзіңізді жайлы сезінесіз. Сіз жақсы адамсыз, тіпті өте жақсы адамсыз. Неліктен айналадағы адамдар оны түсінбейді?

Бәлкім, мәселе сізде шығар? Ойланып көріңізші… сіз де осылай істейсіз бе?

Менің шекарамды бұзған кезде өзімді ыңғайсыз сезінемін. Арамызда болып жатқан қарым-қатынасымызбен не болып жатқанын одан сұраудың орына, өзімнен «не болды?» деп сұраймын. Мен өзімнің қажеттіліктерімді ысырамын, өйткені оны мен өте жақсы көремін.

Қалай мені кінәлай бастағанын байқамай қаламын. Бала кезімнен мені құрметтемейтін, содан бері өзгергені шамалы. Жағдай барлық шекарадан шықса да, мен оны қалыпты деп санаймын.

Олар әрдайым стрессте жүреді, ашуланшақ, әрі шаршаңқы… Мұның бәрі сіздің серіктесіңіздің «улы» адамдар санатына кіретіндігінің белгісі, егер ол әлі сіздің қасыңызда болса, бұл шекараның жоқтығы немесе әлдеқашан кесіп өткенін  білдіреді.

Қарым-қатынаста шекараның жоқтығынан хаос басталады. Егер саған біреу бәрібір секілді көзқараспен қараса, ол шынымен сені ойламайды!

Мен дәл сол сәтте кешіремін. Соңында олардың маған құрметсіздік танытатындығын түсінген кезде: «Олар қаламады ғой» деп ақталамын. Бәрін бірден автоматты түрде кешіре саламын.

Недеген бассыздық?  Өзімді қорғап шығудың орына, оларды өздерін қалай ұстау керектігіне үйретемін.

Мен қарым-қатынасты таңдаймын. Әринемахаббатты қалаймын бұл қалыпты тілек. Бәрі махаббатты қалайды. Бірақ мен бір минутта жалғыз болғым келмейді, сол себепті қарым-қатынасымды қорғауға дайынмын.

Әрекет етудің орнына, өзімнің лайықты екеніме сендіре бастаймын. Мен сізге жақсы дос, әйел, сізге қамқор екенімді есіңізге түсіріп, мысалдар келтіремін. Бұл тәуелді қарым-қатынастың басты қателігі: өзіме қамқор болудың орына, басқа адамдардың мен туралы ойын өзгерткім келеді. Әрине, бұл нәтиже бермейді!

Сіз өзіңіздің бір нәрсеге тұрарлық екеніңізді көрсетудің жалғыз тәсілі – бұл сол бір нәрсеге тұру. Мұны істеудің бір ғана жолы бар –  өзіңізге сену. Сіз өзіңіздің құндылығыңызды білген кезде, сізге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ.

Мені сүйетін адам ешқашан ренжітпейтініне сенемін. Мен әлем жақсы адамдарға толы және “мені жақсы көретін адам ренжіткісі келеді” деп ойламаймын. Мен ертегілер мен қиялдар әлемінде өмір сүремін, ол қандай да бір себептермен қорқынышты әлемге айналады.

Мен бір қарапайым шындықты білмеймін: мен біреуді шын жүректен сүйетінім, оның маған жақсы қарайтынына кепілдік бермейді.

Мен әлі бір маңызды нәрсені үйренуім керек: қанша сүйсем де, мен әрқашан өзімнің шекарамды белгілеп, өзімді қорғауым керек.

Меніңше, ол мен сияқты сезінеді және ойлайды. Менің қарым-қатынасымдағы мақсатым таза және кінәсіз: сүю, көмектесу, қорғау. Мен айналамдағылардың бәрі де менің мақсаттарыммен сәйкес деп ойлаймын.

Жоқ, әлемде өзімшіл, жемқор, айлакер адамдар бар. Бірақ мен әлі де ескерту сигналдарын елемеймін…

Мен ешкімді ренжіткім келмейді, тіпті олар мені ренжітсе де. Біреудің обалына қалмас үшін, абайлап қозғаламын, біреуге зардабымның тигенін қаламаймын. Қиналғанымды ешкімге көрсеткім келмейді, сондықтан да құпия да сақтаймын. Бұл шындықты қабылдай алмаймын: егер біреу саған қамқорлығын білдірмесе, онда оған бәрібір.

 

Автор: Медина Рахмедулла  

Фото: pixabay.com

Total
0
Shares
Previous Post

НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 4 тамыз – ештеңеге күдіктенуге болмайды!

Next Post

Ойын: Қыздар туралы әндердің орындаушылары кім?