Соңғы уақытта нумерологтарға деген сұраныс пен қызығушылық артып келеді. Осыны ескерген ikerim.kz сайтында сіздер үшін, танымал нумеролог Құралай Бақытқызы күн сайын қызықты ақпараттар мен болжамдар ұсынады.
2 тамыз: Күн саны – 4.
Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы жақын болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылысты айшықтайды.
Нумерологияда шыдамдылық пен денсаулықтың символы (белгісі). Күн энергетикасы балаңызды спортқа, шет тілін үйретуге қолайлы. Сондай-ақ бүгін ештеңеге күдіктенуге болмайды.
Күннің аффирмациясы: Мен алға талпынамын! Жақсылыққа ұмтыламын!
Insta: numerolog.88
Фото: pixabay.com