Балаңыздың ұйқысы тыныш па?

Ұйқының бұзылуына көп жағдайда көңілдің жайсыздығы, проблемалар, стресс әсер ететінін біліп, оның алдын алуға тырысамыз. Ал бұл балаларымыздың ұйқысына қатысты болса, нені ескеру қажет?Бала қанша сағат ұйықтау керек? Неге оларды төсекке жатқызу қиын? Ұйқы бала денсаулығына қалай әсер етеді? Осы және өзге де сауалдардың жауабын іздеп көрелік.

Шамамен баланың жас ерекшеліктеріне қарай ұйқы уақыты:

*0-3 айлық: 14-17 сағат;

*4-11 айлық: 12-15 сағат;

*1-2 жас: 11-14 сағат;

*3-5 жас: 10-13 сағат;

*6-13 жас: 9-11 сағат;

*14-17 жас: 8-10 сағат;

Бала ұйқысы толыққанды екенін қалай анықтаймыз?

Ол үшін мына 4 сұраққа жауап беріп көріңіз:

-Баланың таңертең оянуы қиын ба?

-Демалыс күндері әдеттегіге қарағанда кемінде 2 сағатқа артық ұйықтай ма?

-Ыңғайсыз орындарда, қоғамдық көліктерде, сабақта ұйықтап қала ма?

-Көп ұйықтағанда көңіл күйі көтеріле ме?

Егер осылардың біріне болсын «иә» десеңіз, балаңыздың ұйқысын реттеу қажет деген сөз.

Балаңыздың мектептен келгенде жеген тамағы ұйқыға әсер етеді

Күннің екінші жартысында (15:00-ден кейін) тұтынған тағамның құрамында кофеин болмауын қадағалай бермейміз. Олар: шай, шоколад, кофе, кола т.б. Ал кофеин белсенділікті арттырып, ұйқыны ашатыны дәлелденген құбылыс.

Сабақтан кейінгі артық жүктеме де ұйқыны бұзады

Тапсырмалардың тым көп болуы, орындап үлгермеймін деген ойдың да әсері бар. Сондықтан спорттық жаттығулар, үйірмелер, қосымша дайындықтар 21:00-ге дейін болғаны жөн.

Ұйқы аздығы иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі

Ұйқы жеткіліксіздігі жалғаса берсе, ағза цитокин бөледі. Нәтижесінде бала ағзасының аурумен күресетін күші азайып, аурушаңдығы артады. Әсіресе, суықты тез қабылдап, ұзақ уақытқа дейін жазыла алмауы мүмкін.

Баланың тым кеш ұйықтауы сабақ үлгеріміне әсер етеді

Норвег Ұлттық Денсаулық Институтының, Калифорния Университетінің мамандары арнайы зерттеу жүргізген. 22-23:00 шамасында ұйқыға жататын балалардың нәтижесі кеш ұйықтайтындардан жақсы болған.

Сондай-ақ ұйқысы қанбаған баланың салмағы да азаюы мүмкін.

Телефонның ықпалы

Гаджеттерді төсекке алып жатуына рұқсат етпеңіз. Жарықты өшіріп, ұйқыға жатқан соң да ойын ойнап, әлеуметтік желіде отырып, бірнеше сағатын жоғалтады. Ертеңіне балаңыз күні бойы есінеп-құсынап жүрсе, таң қалмаңыз. Бұдан бөлек жарық өшіп тұрғанда телефон сәулесі көзге кері әсер ететінін де білесіз.

Total
0
Shares
Previous Post

Қысқатолқынды пешті не үшін пайдаланасыз?

Next Post

Сүйісу жайлы сіз білмеген қызықтар