Тамыз 15, 2020
Banner Content
Бөлісу

Қысқатолқынды пеш асүйіміздің тұрақты жабдығына айналғалы қашан? Бірақ оның қызметін әлі де 100 пайыз пайдаланбай келеміз. Оның, тіпті, тазалық жұмыстарына да септігі тиетінін білесіз бе? Ендеше әрі қарай оқыңыз.

*Марканың үстінен 1-2 тамшы сумен сүртіп жіберіңіз. Сосын 20 секундқа қысқатолқынды пешке салыңыз. Бұдан соң марка оңай алынады, қағазда ешқандай із қалмайды.

*Жаңғақтың дәмін аша түсу үшін де дыл осы пешті қолдануға болады. Тәрелкеге жарты шай қасық өсімдік майын құямыз. Үстіне 1 стақан жаңғақты салып, пешке 3-8 минутқа қуырып аламыз.

*Ыдыс жуғыш губканы жиі тазалап тұрған жөн. Оны жақсылап жуып, сығып, пешке 2 минутқа салып аламыз. Осылайша губкадағы бактерияларды жоямыз.

*Чипс қалтасын ашық қалдырып кеттіңіз бе? Онда чипсты қағаз сүлгіге орап, пешке аздап құрғатып алуға болады. Қытырлақ қалпына қайта түседі.

*Ас үйдегі тақтайды да жақсылап жуып, қысқатолқынды пешке құрғатып алсаңыз, зиянды нәрселерден арылады.

*Суға лимонды сығып шырын дайындап алыңыз. Оны 5 минутқа пештің ішіне қойып қойыңыз. Одан соң пештің ішін ылғал сүлгімен сүртіп алсаңыз, тамақ қалдықтары оңай тазарады.

*Жұмыртқаға сүт, ірімшік, тұз т.б. омлетке қажетті ингридиенттерді қосыңыз. Орта қызуда 45 секундқа пешке қойыңыз. Шығарып, жақсылап араластырыңыз. Тағы да 45 секундқа қыздырып алсаңыз, дәмді таңғы асыңыз дайын болады.

*Пиязды турар алдында пешке 30 секундқа салып алсаңыз, көзіңізді жасауратпайды.

*Құрғақ дәмдеуіш ретінде қолданғыңыз келген аскөкті қағаз сүлгіге орап, пеште кептіріп алсаңыз болады.

*Сарымсақты 15 секунд пешке қойсаңыз, түбірінен оңай ажырайды.


Бөлісу
Banner Content

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

thirteen + seventeen =

kkKazakh
kkKazakh