Ауыздағы жағымсыз иісті кетіруге ас содасы көмектеседі.

Көпшілікті ауыздағы жағымсыз иістен қалай арылуға болатыны алаңдатады. Ол тек сарымсақ пен пияздан пайда болмайды, ауыз қуысындағы бактериялар, аурулар, суық тию немесе асқазан-ішек проблемалары да себеп бола алады. Бүгін біз содан арылудың бірнеше жолдарын ұсынамыз.

Йогамен айналысыңыз

Сізге тыныс алу жолындағы барлық артық заттарын кетіруге көмектесетін тыныс жаттығулары қажет.

Ас содасын ішіңіз

Соданы емес, сода ерітілген суды ішіңіз. (бір стақанға жарты шай қасық).

Дұрыс ұйықтаңыз

 Ауызды ашып ұйықтау, ыңғайсыз жату тыныс алуға кедергі келтіреді. Сол үшін бір жаныңызға бұрылып ұйықтағаныңыз жөн.

Алое шырынын ішіңіз 

Бұл тамақ қалдықтарын ауыз қуысынан алып тастауға көмектеседі және сілекей шығаруға әсер етеді.

Темекіні тастаңыз 

Шылым шегу ауыздағы бактериялардың көбеюіне көмектеседі, бұл жағымсыз иіс шығаруға ықпал етеді.

Алма жеңіз 

Жемістер сіздің деміңізді сергітеді, ал С дәрумені микробтарды өлтіруге көмектеседі.

Шай ішіңіз

 Түстен кейінгі кофені қара немесе жасыл шаймен ауыстырыңыз. Екеуінің де құрамындағы лифенолдар сіздің дұрыс тыныс алуыңызға көмектеседі.

Total
1
Shares
Previous Post

Айгүл Рахметқызы: «Бастамамның қолдаушысы – жолдасым»

Next Post

Quis Nascetur Aenean Ipsum Vici