Нумеролог: “Бүгін тартылыс күні”

Соңғы уақытта нумерологтарға деген сұраныс пен қызығушылық артып келеді. Осыны ескерген ikerim.kz сайтында сіздер үшін, танымал нумеролог Құралай Бақытқызы күн сайын қызықты ақпараттар мен болжамдар ұсынады. 

9 тамыз: Күн саны – 2. 

Әр күннің өзіндік энергетикасы болады. Бір күн бір күннен ерекше. Сондықтан әр күнге кіргенде әр қалаға кіргендей боламыз. Бір күн баяу, бір күн жылдам, екінші күн сыншыл, енді бірі позитивке толы болады. Тағы бір күні баладай болып қуансаңыз, бір күні мұқият болуы керек, келесі бір күнде интуицияға басымдылық беру керек дегендей өз міндеттері бөлініп отырады.

Күн саны 2 болғандықтан, бүгін командалық жұмыс нәтижесін береді.  Таныстық үшін де күн сәтті болғай.

Тағдыр саныңыз – 2 болса, мұндай адамдар барлығымен достық қарым-қатынасты ұстанатын, сабырлы, көбінде ұялшақ жандар. Табиғатынан кез келген кикілжіңді ретке келтіру қасиетіне ие. Топтық жұмыстарда ұнамды қасиеттерімен көзге түсіп, әрдайым сыпайылық танытады. Әділетті болуды ұнатады. Мейірімді, жомарт жандар.

Insta: numerolog.88

Фото: pixabay.com

Total
0
Shares
Previous Post

Өкшелі аяқ киім сенімділік сыйлайды

Next Post

Нумеролог: “10 тамыз – махаббат күні”