Қазан 24, 2019
Banner Content
Бөлісу

Демалыс маусымы аяқталып, жұмысқа кірісетін уақыт келді. Бұл кезеңде қыздардың киімі кеңсенің стиліне ауысып, аяққа да биік өкшелі туфлилер киіледі.

Қай қыз болмасын сымбатын арттыру үшін кез келген қиындыққа төзуге әзір. Бірақ биік өшкеден кейінгі аяқ сыздауынан құтылуға болады! Ол үшін алдымен дұрыс жүруді үйренеміз, одан кейін арнайы жаттығуларын жасаймыз.

Биік өкшелі аяқ киім қыздарға сымбаттылықтан кейін, өзіне деген сенімділікті де сыйлайды. Сондықтан өзіңізді сенімді ұстау үшін денеңізді тік ұстаңыз, басыңызды алдыңызға қарай салбыратып жүрмеңіз. Ол арқылды өзіңіздің «сенімсіз адам» екеніңізді білдіресіз. Арқаңыз бен басыңыз бір сызықтың бойында болғаны жөн. Алдыңызға тік қараңыз!

Үлкен қадам жасамаңыз! «Жылдам жүрсем дұрыс жүрмегенім білінбейді» десеңіз қателесесіз! Дұрысы орташа жылдамдықпен, ұзын да емес, қысқа да емес қадаммен жүріңіз. Көзіңізбен түзу сызық сызып алып, сонымен жүріп көріңіз. Аяқты басқан кезде аяқтың ұшын ғана қоюғы тырысыңыз.

Екі аяғыңыздың ұшын аздап қана сыртқа қарай басыңыз, ол аяқтарыңыздың бір-біріне кедергі келтірмеуіне көмектеседі. Жүрген кезде қолымыздың алға қарай қимылдауы табиғи жағдай. Бірақ оның қозғалысын бақылай білу маңызды, мүмкіндігінше көкірек тұсыңыздан асырмауға тырысыңыз.

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

18 − 2 =

kkKazakh
kkKazakh