Чакролог: “Энергия көздерін ашу – өміріңді өзгертеді”

Барлық адам жан дүниесіне тыныштық орнатып, бақытты болуды қалайды. «Тағдырдың жазуы» десекте, әр кеудеге гармония орнатуға болады.

Қалай дейсіз бе? Ол үшін чакраларыңызды есептеп, энергия көздерін ашыңыз.

Бүгін сіздерге Shaihy сауықтыру орталығының қызметкері, танымал чакролог, түстермен емдейтін цветотерапевт – Гүлзинат Қуатбекқызының жазбасын ұсынамыз.

Гүлзинат Қуатбекқызы: “Адам бойында 7 чакра болады. Ол – адам баласына ең керекті қуат көздері. Cолар дұрыс жұмыс істесе, өміріңізде гармония орнайды. Ол үшін адам өз бойындағы чакраларды біліп, түстерін анықтап, энергияның пайызын есептеп алғаны жөн.

Біріншісі – құйымшақтың ұшында орналасқан, екіншісі – кіндіктің, үшіншісі – асқазан астында, төртіншісі – жүрек тұсында, бесіншісі – тамақтың ортасында, алтыншысы – екі қастың ортасындағы соңғысы – төбеде, яғни адамның басында болады.

Чакраларды білудің пайдасы мол, өйткені осы арқылы бүкіл денемізде энергия алмасады. Мұнан өзге ұсақ 240 жуық қуат көздері болады. Оның барлығы осы жеті чакра арқылы қуаттанады.  Әрине, бүкіл әлем энергиядан тұрар болса, адамның жаны да солай. Біз сол арқылы әрекет етіп, көңіл-күйімізді бақылаймыз.

Чакраның пайызын өлшеуге болады, егер 150 мен 200 пайыз арасында қуатыңыз болса, бұл өте жақсы деген сөз. Адамның бойында осындай пайызда энергия болса, өмірі позитивті, жолы ашық болады. Өкінішке орай, кей адамдар да пайыз өте төмен болады. Тіпті 100-ге жетпейтін адамдар көп. Бұл дегеніңіз олардың өмірлерін ауырлатады. Сондықтан мен ондай адамдарға түспен жұмыс істеуді, медитация жасап, бойын тазалауды ұсынар едім”.

 

Total
35
Shares
Previous Post

Қыздың жүрегін қандай жігіттер жаралайды?

Next Post

Айдана Бақытқызы, дизайнер: “Менің стилім – нәзіктік”