Мамыр 26, 2020
Banner Content
Бөлісу

Қыздар үнемі қарымқатынас мәселесінде тұрақтылықты қалайды. Бірақ біздің ойлағанымыз үнемі бола бермейді, сондықтан кейбір жігіттерден бойды аулақ ұстаған жақсы. Әйтпесе, жаныңыз жараланып қалуы мүмкін.

Ол адаммен араласасың, кездесесің. Бірақ қандай қарым-қатынас екенін түсінбейтін кездер болады. Олар кімдер? Ол жігіттердің мінезі қандай болады? Оқып көрелік…

Ол сізбен араласуын салмақты қарым-қатынас деп атамайды

Кейбір жігіттер сенен махаббат күтпейтінін, досың екенін ашып айтады. Бұл – сынақтың бір түрі. Егер осы сөзден кейін де сен онымен бірге болып, өзіме ғашық етемін деуің мүмкін. Байқа, бос әуре болып қалмасын!

Бірде ыстық, бірде салқындық танытады!

Кейде сізге бар мейрімін төгіп, көңіліңізді аулайды. Ал, кейде бір апта жоғалады. Сен оны кешіресің, ақтайсың. «Уақытым болмады» дегеніне сенесің, иә оның уақыты басқа МАҢЫЗДЫ дүниелерге кетеді.

Ол жоспар құрмайды!

Ол ешқандай жоспар жасамайды, не жоспарлағанның өзінде соңғы минуттарда өзгертеді. Оның жұмысы тым көп, не басқа шаруалары шығып қалды. Сен тек соның айтқанымен жүруге мәжбүрсің. Ашулансаң да, көнесің!

Сізді «қызым» деп атамайды!

Саған бір статус беруден қашады. Өйткені ол өзіне сенімді емес. Тіпті, әзіл ретінде де сені сүйіктісі ретінде көрсеткісі келмейді.

Телефонын жасырады!

Кездесу кезінде телефонын көрсеткісі келмейді. Кейде біреу қоңырау шалған кезде жауап бермейді. Сізге көңіл аударуды мақсат етеді десек те, үнемі олай болу күдікті!

 


Бөлісу
Banner Content
Тегтер: , , , ,

0 Пікірлер

Пікір қалдыру

7 − 3 =

kkKazakh
kkKazakh