Алғашқы кездесуде өзіңді қалай ұстаған дұрыс?

Кездесу уақыты мен орны

Алғашқы кездесу уақыты мен орнын жігіттіңөзі таңдауына ерік беріңіз. Оны ойынан айнытуға немесе өзгертуге тырыспаңыз, тек жалпы нені ұнататыныңыз туралы айтыңыз. Алғашқы кездесуге ең ыңғайлы уақыт – кешкі уақыт. Кездесу уақыты екі сағаттан көп болмасын: асықпай әңгімелесуге де жеткілікті, тағы да кездесуге ынтық қылады.

Сырт келбет

Біреулер алғашқы кездесуге барынша боянып, мерекелік көйлек киіп ерекшеленгенді жақсы көреді. Ал енді біреулері өзінің қарапайымдылығын көрсету үшін қарапайым шалбар мен шашын төбеге түйе салуды тиімді деп санайды. Екі тәсіл де дұрыс емес.

Біріншіден, ер адам сізді толығымен қабылдайды: оларға сіздің келбетіңіз, киіміңіз, сепкен әтіріңіз – бәрі маңызды. Екіншіден, олар шынайылықты бағалайды. Әрине, әдемі жағылған макияж артық болмайды. Сондай-ақ, орнымен сепкен әтіріңіз де сымбатыңызды ұштай түседі.

Өзіңізге ыңғайлы әрі еркін сезінетін киім таңдаңыз. Көбінесе көйлек пен белдемше кисеңіз дұрыс болады. Жаңадан сатып алған биік өкшелі туфлиіңізді алғашқы кездесуге кимей-ақ қойсаңыз да болады. Әйтпесе, аяғыңызды қажап, ғажайып отырыстың сәнін кетіресіз.

Сөйлесу

Әйелдер еркектерге қарағанда көп сөйлейді. Біз өзіміз, қызығушылықтарымыз, құрбыларымыз туралы сағаттап айтып отыра береміз. Алайда, сізді алғаш көріп отырған адамға бұл қызық емес болуы мүмкін. Сондықтан, кездесуде жігітке өзі туралы рахаттанып айтуға мүмкіндік беріңіз.

Алғашқы кездесуде еркелеудің, шағымданудың немесе күнделікті проблемаларыңыз туралы айтудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, кездесу – психологтың қабылдауы емес, екі адамның шағын мерекесі.

Өзін-өзі ұстау мәнері

Айтап өткеніміздей, ең бастысы – шынайы болу. Шектен тыс белсенділік танытып, келесі кездесудің қашан екенін сұраудың қажеті жоқ. Жігітке өзіңіз бірінші болып қадам жасамаңыз, тым жақын тартудың да қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, тартымды болыңыз, бірақ қолжетімді емес.

Авторы: Жұлдызай Омархан

Total
1
Shares
Previous Post

Жарты ғасырлық махаббат: Ханзада Чарльз патша отбасы жек көрген көңілдесіне қалай үйленді?

Next Post

Нәзіктікке 9 қадам