Нәзіктік – бұл тырнақтарда да, ваннада да емес. Ол көйлектерде де, дауыста да емес. Ол өзін-өзі құрметпен, өз өмірі үшін жауапты және өзін-өзі бағалауда жатыр.
- Күн сайын өзіңізге кем дегенде 30 минут бөліңіз. Ең дұрысы – күннің көп бөлігін өзіңізге арнаңыз. Бұл жерде ыстық ванна, шоппинг және маникюр жайлы айтып тұрғаным жоқ, өзіңіз қалаған немесе маңызды дүниемен толтыруды айтып отырмын. Өзіңізді бақылаңыз, күйлеріңіз бен сезімдеріңізге жауап беріңіз, армандарыңызға ұмтылыңыз. Өзіңізді даму мен қуанышқа алып келетін нәрселермен қоршаңыз!
- Өзіңізді бірінші орынға қойыңыз! Егер, сіз бірінші орында болмасаңыз, күнделікті өмірде тіршіліктің ағынына еріп, батып кетуіңіз мүмкін. Біреудің өміріне кіріп алмаңыз, мысалы, «мен балаларым, күйеуім, не анам үшін өмір сүремін» деу аса дұрыс емес. Кересінше, мен кіммін, нені білмеймін деген сұрақтарға ойланыңыз!
- Ештеңе күтпеңіз! «Мен арықтап, бақытты боламын! Біз қазір үйленеміз, ол сосын өзгереді. Дәл қазір несиені жабамын, сосын өмір сүремін» деген сөздерді ойдан шығарыңыз! Бұл – өзіңді алдаудың бір түрі, сылтау.
- Ұнамайтын жайтқа төзбеңіз! «Уақыт өте бәрі жөнделеді. Тек шыдауым керек» деген сияқты оймен шырмалмаңыз! Ештеңе өзгермейді, тек өзгертесіз. Сондықтан өзіңе және өміріңе жауапкершілікті алуды үйрен.
- Еңбек пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз! Егер сіз амалыңыз қалмай, күйіп кеткен болсаңыз және бұл сіздің қалыпты күйіңіз болса, онда саған тез арада көмек керек. Өзіңді жұмыспен жегіп, басқа адам бұл жұмысты атқара алмайды деген сенімнен аулақ бол. Бұл – дұрыс емес!
- Сүйікті жұмыс. Жұмыс саған табыспен бірге, рахат та алып келуі керек.
- Қолдаушылар маңызды. Қоршаған орта саған тікелей әсер етеді. Өзіңді тікелей зертте, неге көңіл-күйің жоқ, қатты уайым неден туды? Осы сұрақтарға жауап алу арқылы сен өзіңді табасың!
- Ата-анамен қарым-қатынасты реттеңіз! Егер сіз қорқынышты қарым-қатынасыңызда ештеңені өзгертпесеңіз, онда … бұл сіздің отбасыңызбен байланыстың болмағаны.
- Барыңызды бағалаңыз! Өзіңізді сынап, өзіңізге минус іздей бермеңіз! Сіз өзіңіздің таланттарыңыз бен артықшылықтарыңызды көрмеуіңізді мүмкін. Бүгін соларды іздеп көріңіз.