Күйеуге шығуыма анам қарсы

“Саламатсыз ба. Көмектесе аласыздарма, биыл 11 сынып бітіремін. Сөйлесіп журген жігітім бар. Алла қаласа, жаздан қалмай аламын деп отыр. Ата-анасымен, бауырларымен, достармен бәрімен таныстырды. Ата-анасы жақсы адамдар. Өзі үйінің жалғыз баласы. Тұрақты жұмысы, машинасы бар. Жасы 28-де. Сөйлесіп жүргенімізге 7 ай болды. Бізде бәрі жақсы. Мінезі, маған қарым-қатынасы мені қанағаттандырады.

Ендігі мәселе – ол менің анам. Анама “Оны ұнатамын” деп айтқанмын. Енді анам “жоқ, сен оқуға түсуің керек, оқып, 22-23 жасқа дейін жүр. Қыдыр, өмір көр ертең өкінесің” деп отыр.

Мен де уйдің жалғыз қызымын. Екі ойда жүрмін. Ертең оқуға кетіп, ұмыта алмай қиналамын ба, әлде ешкімнің сөзін тыңдамай, журек қалауын істесем бе?

Бұл ойларымды жігітіме айтсам, ертең өзім сырттай болса да оқытам, дамуыңа көмектесемін, үйде отырып қалмайсың дейді.  Бір жағынан анамның сөзін аттап кеткім келмейді, екінші жағынан тағы қиналамын. Не істесем болады? Ақыл-кеңес беріңіздерші!

 

Total
1
Shares
Previous Post

Руслан Сатенов: “Ақындарға өз идеямды алып барамын!”

Next Post

Некеде бақытты әйелдің 5 әдеті